ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БИЗНЕС ШЕТЕЛДЕ ТӨЛЕНГЕН ҚОСЫМША ҚҰН САЛЫҒЫН ҚАЙТАРА АЛАДЫ
Шетелде төленген ҚҚС қайтару дегеніміз не?
Шетелде төленген қосымша құн салығын (ҚҚС) қайтару – бұл компанияның шетелде бірқатар шығындарға ҚҚС түрінде жұмсаған қаражат сомасын қайтарудың ерекше тәсілі әрі компанияның ақша айналымын ұлғайтудың тиімді жолы.
Неліктен шетелдік ҚҚС қайтарылады?
Жыл сайын көптеген шет мемлекеттер резидент емес компанияларға төленген ҚҚС-ты қайтарып алуға мүмкіндік береді. Мұндай шараның басты мақсаты – шетелдік компаниялар (резидент емес) мен жергілікті ұйымдарға (резидент) теңдей салық жағдайларын жасау және олардың арасындағы бәсекелестікті дамыту.
Қандай шығындар үшін шетелдік ҚҚС болады?
Көрмелерге, семинарлар мен конференцияларға қатысу; іссапар шығындары; көлікті, үй-жайларды және жабдықтарды жалға алу; көлік шығындары; пошта мен телекоммуникация шығындары; қызметкерлерді оқыту мен олардың мамандық деңгейін арттыру; маркетинг пен жарнама, нарықты зерттеу, бухгалтерлік, заңгерлік және аударма қызметтері; жабдықтарды орнату және монтаждау қызметі, т.б.
Мұндай процедура қаншалықты тиімді?
Шетелде төленген қосымша құн салығын қайтару рәсімі, жоғарыда айтылған шығындар мөлшерінің 50%-на дейінгі сомасын компанияға қайта қайтаруға мүмкіндік береді.
Шетелдік ҚҚС-ты қалай қайтаруға болады?
- Барлық елдерде бизнес-ҚҚС қайтаруға маманданған әлемге әйгілі «Taxback International» компаниясының Қазақстандағы ресми серіктесінен кеңес алу үшін «Tax&Transfer Solution» компаниясына хабарласу.
- https://www2.taxbackinternational.com/taxtransfersolution
Пікір қалдыру:
Пікірлер: