«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар облысының экономикалық сотындағы істердің негізгі бөлігі мемлекеттік сатып алулармен байланысты – сот

2023 жылғы 20 Сәуір
- Павлодар облысы
7218 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік сатып алулар туралы талап арыздар бойынша татуластыру рәсімдерінің артықшылықтары туралы «дөңгелек үстел» кездесуі өтті. Оны мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасының міндетін атқарушы Күлімжан Жылбаева жүргізді.

«Экономикалық сотқа түсетін істердің басым бөлігі мемлекеттік сатып алуларға қатысты істер. Мемлекеттік сатып алу туралы заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тапсырыс берушінің осы өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгіну міндетін қарастырады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында экономикалық сотқа 878 талап-арыз түскен. Оның ішінде 348 іс мемлекеттік сатып алуға қатысты», - деді мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының сот қызметкері Әйгерім Нұркенова.

Жиынға сондай-ақ «Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Мүбарак Жақыпов, сот қызметкері Гүлмира Бертібаева, бизнес-омбудсмен Серік Әубәкіров, мемлекеттік, квазимемлекеттік органдар мен оқу орындарының өкілдері қатысты.
Қазылар мемлекеттік сатып алулар және айыппұлдарды өндіру істері бойынша татуластыру рәсімдерін жүргізудің артықшылықтары туралы айтты. Жиынға қатысушылар сотқа талап арыз беру кезінде талап арыздардың орындалуына қатысты мәселелерді талқылап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша ұсыныстар әзірледі.

«Біз қолданыстағы заңнама шеңберінде бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүдделіміз. Кәсіпкерлер арасындағы дауларды сотқа дейін шешкен дұрыс», - деп түсіндірді «Атамекен» ӨКП директоры Серік Сәдуақасов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер