«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбе облысында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына өтінімдер қабылданып жатыр

2023 жылғы 19 Сәуір
- Ақтөбе облысы
5247 просмотров

Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова хабарлады. Оның сөзінше, аталған көрме-байқаудың жергілікті өндірушілеріне нарықтағы бәсекелес заманында өз тауарларын көрсететін алаң ұсынуға және оны өткізе алуға мүмкіндіктер береді. Яғни кәсіпкерлердің өнімдерін сапалы жасап шығаруына, нарықтағы сұранысқа қарай бағыттайтын болады.

«Әрбір кәсіпкер өз өнімдерін нарықта еш кедергісіз сатқысы келеді. Сол себепті байқау-көрменің мақсаты да сол, тұтынушыларды сапалы отандық тауарларды сатып алуға бағыттау және өндірушілердің мүмкіндігін кеңейте түсу, осылайша кәсіп иелерін қолдау. Көрме-байқау барысында қатысушыларға аталымдар бойынша жүлделі орындар беріледі» - дейді ӨКП директоры.

Өнім өндірушілер үш номинация бойынша бақ сынайды. Ең бірінші өндірістік тауарларға, сосын халыққа арналған және азық-түлік тауарларының сапасы сарапталатын болады. Байқаудың жеңімпаздарына үздік тауар белгісі мен дипломдар табыс етіледі. Сондай-ақ үздік марапат иелері конкурста жеңіп алған эмблеманы төрт жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалануына құқықтары бар.

«Бұл өндірушілерге берілген үлкен мүмкіндік пен қолдау. Көрме-байқау жыл сайын республика көлемінде ұйымдастырылып отыр. Байқаудың тағы бір артықшылығы, көрмеде жаңа қазақстандық брендтер дүниеге келуі мүмкін. Отанымыздың тауар өндірушілерін қолдап қана қоймай, олардың жаңа жұмыс орындарын ашуына мүмкіндіктер беріледі. Ақтөбе өңірінде шығатын өнімдерді еліміздің түкпір-түкпіріне таратып, ішкі нарықты толтырып, қамтамасыз ету мүмкіндігін де алады. Ертен облыстан жеңіп шыққан лауреаттар Ақтөбені келесі кезең республикалық байқауда таныстыратын болады», - дейді Дана Бекбауова.

Еске сала кетсек, өткен жылы облыс бойынша осы тектес байқауға облыстың қырыққа жуық жетекші кәсіпорындары қатысқан болатын. Байқауда жеңімпаз атанған 9 компания — «Bigness» ЖШС резеңке-техникалық бұйымдарды өндіруші, корпустық металл жиһазды өндіруші «Ferroom» ЖШС, металл жабынқыш пен профлист өндіруші «Саймов А.Д.» ЖК, «Epsilon Group» ЖШС тұрмыстық химия өндірушісі, «Vega мебель» ЖШС (ағаш терезелер, корпустық және медициналық жиһаз), пантогематоген өндірісі бар «Зәру» шаруа қожалығы, ет консервілерін өндіруші «Айбек» ӘКК, бал өндіруші  «Медовик» ш/қ және кондитерлік өнімдер мен жартылай фабрикаттармен ЖК «Samal cakes» облысымызды Астанада өткен республикалық турда таныстырды.

Нәтижесінде ақтөбелік «Bigness» ЖШС «Іскер» арнайы сыйлығына ие болды.

ӨКП директорының сөзінше, биылғы көрме-байқауда да жергілікті кәсіпкерлердің топ жаратынына сенімі мол.

Сондықтан, Ақтөбе облысының кәсіпкерлерін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысу үшін өтінімдерді белсенді түрде беруге шақырады. Анықтама үшін байланыс нөмірі: +7 (7132) 744-611 (ішкі.1502), +7 771 229 9111.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер