«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарлық «Атамекен» кәсіпорындардың «Парыз» байқауына қатысуға өтінімдерін қабылдауда

2023 жылғы 19 Сәуір
- Павлодар облысы
7414 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауына қатысуға өтініш берушілерден өтінімдер қабылдайды.

«Биыл байқау бес номинация бойынша өтеді», - дейді «Атамекен» ӨКП директоры Серік Сәдуақасов.

Бірінші номинация – «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Ол жеке кадрларды қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыратын үміткерлердің қызметін (еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғау, кәсіби оқыту жүйесі, кадрларды қайта даярлау және т.б.) қаралады.
Екінші номинация - «Үздік ұжымдық шарт». Мұнда Қазақстан заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қарастырылады.
Үшіншісі – «Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін». Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларды іске асыруда айтарлықтай ерекшеленген өтініш берушілердің қызметі қарастырылады.
Келесі номинация – «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинация еңбек қызметі процесінде жұмысшылардың денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметін қарастырады.
Бесінші – «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы жүлдесі. Бұл номинация жалпы қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыратын үміткерлердің және атап айтқанда, олардың ұйымы қызметкерлерінің қызметін қарастырады.
Конкурсқа қатысу үшін материалдар бір данада қабылданады:
1) қосымшаға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдеріндегі толтырылған өтініш;
2) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша белсенділік деңгейін және нақты нәтижелерді өзіндік бағалауды қамтамасыз ететін есеп. Есеп заңды немесе жеке тұлғаның тарихын, ұйымдық құрылымын және басқа да қосымша ақпаратты қамтуы керек;
3) баяндамаға қосымшалар (ұжымдық шарттың көшірмесі, мадақтама қағаздар, алғыс хаттар, газет мақалалары, фотосуреттер және т.б.);
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылған сауалнама.
Жарғылық капиталдағы мемлекеттің үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдар байқауға қатысуға жіберілмейді.
Өтініш пен басқа да қажетті құжаттарды Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасынан алуға болады.
Материалдар қағаз түрінде (файл қалтасында) және электронды тасымалдағышта (диск, флэш-диск) мына мекенжай бойынша ұсынылады: көш. Луговая, 16, 3 қабат («Атамекен» ӨКП), 305 каб. Тел.: 660311 ішкі. 5550.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер