«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік қолдау шараларына баса назар аударылды

2023 жылғы 18 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
3126 просмотров

БҚО Кәсіпкерлер палатасының мамандары өнеркәсіп және индустрияландыру комитетінің отырысында өнеркәсіп саласы кәсіпорындары үшін көзделген мемлекеттік қолдау шараларына қатысты маңызды ақпаратты жеткізді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арыстанбек Сағиев атап өткендей, өткен жылдың тамызына дейін мемлекеттік қолдау шаралары тек өнеркәсіп саласының ірі бизнес субъектілеріне ғана қатысты болды. Алайда өткен жаздың аяғынан бастап Мемлекет басшысы Үкіметке шағын және орта бизнесті дамытуға ынталандыруды тапсыра отырып, басым бақыттарды белгіледі.

«Басым тауарлардың тізбесі әзірленді, егер тауар өндіруші оған сәйкес келсе, онда кәсіпорын олдау құралдарын пайдалана алады», – деді А.Сағиев.


Ведомство өкілі өнеркәсіпшілерді ынталандыру шараларына және кәсіпкерлердің шығындарын өтеу мөлшеріне егжей-тегжей тоқталды. Мәселен, мысалы, егер кәсіпорын өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға қамқорлық жасаса (оқу, тағылымдаманы ұйымдастыру, шетелдік қызметкерлерді тарту), онда ол өз шығындарын 30 млн теңгеге дейін өтеу алуға мүмкіндігі бар.

«Оқу процесіне келетін болсақ, инженер-техниктер мен өндірістік персонал басымдыққа ие», – деп нақтылады Арыстанбек Сағиев.


Өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға және технологиялық процестерді жетілдіруге қамқорлық жасайтын кәсіпорындар да ынталандырылады. Олар бойынша шығындарды өтеу мөлшері 60 млн теңгеге дейін көзделген.

Мемлекеттік қолдаудың тағы бір құралы-цифрлық технологияларды енгізу. Спикер егер бұрын құрал тек автоматтандыруды енгізу үшін жұмыс істесе, онда ШОБ субъектілері үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу үшін де, сатып алу үшін де шығындарды өтеу көзделгенін атап өтті.

«Мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуге өтінімдерді қарау мерзімі-14 жұмыс күні. Өтінімдер онлайн қаралуда», – деді «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы.

Сондай-ақ, өз сөзінде ИИДМ өкілі «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы өз қызметін қандай бағыттарда жүзеге асыратынын айтты. Мысалы, елдің индустриялық дамуына, оның ішінде өнеркәсіптік саясатты дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу және өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындардың алдында тұрған кедергілерді анықтау арқылы жәрдемдеседі.

Қазіргі уақытта Орталық өнеркәсіптік кәсіпорындар мемлекеттік қолдау шараларына жүгінген кезде кездесетін проблемалық мәселелерді анықтаумен айналысады. Кәсіпкерлерге сауалнама жүргізу мақсатында Индустрия және экспорт орталығының қызметкерлері «Атамекен» ҰКП өңірлік палаталарының алаңында бизнес субъектілерімен кездесетін өңірлерді аралайды.

«Жүргізілген сауалнаманың қорытындысы индустриялық дамуды бағалау және Мемлекет басшысын республика аумағындағы өнеркәсіптің жай-күйі туралы хабардар ететін ұлттық баяндаманы қалыптастыру үшін негіз болады», – деп атап өтті Арыстанбек Сағиев.

Сөз соңында ол «Атамекен» ҰКП өкірлік палатының өнеркәсіп және индустрияландыру комитетінің төрағасына бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпаратпен бизнес алдында сөз сөйлеу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.

БҚО кәсіпкерлер палатасы жанындағы өнеркәсіп және индустрияландыру комитеті отырысының екінші бөлімі карантинге жатқызылған өнімдерді фитосанитариялық бақылау, Балтық елдерінің өткізу пункттері арқылы ағаш материалдарын өткізу, фитосанитариялық қызметтер мен кеден органдарының қазақстандық өндірушілерге қойылатын талаптары сияқты мәселелерді талқылауға арналды.

Іс-шара «Атамекен» ҰКП, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, мемлекеттік кірістер департаменті, кеден қызметі өкілдерінің қатысуымен өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер