«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес ғылыми жобаларды коммерцияландыруға мүдделі – Мақсат Қиқымов

2023 жылғы 13 Сәуір
- Алматы қаласы
10000 просмотров

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында «Ғылым және бизнес: Қазақстанның инновациялық даму жолдары» атты ғылыми-инновациялық көрме өтті.  

Ғылыми жетістіктер көрмесін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров, сондай-ақ бизнес және ғылым өкілдері, ірі компания басшылары тамашалады.

Көрмеге наноматериалдар негізіндегі қабылдағыштар, энергия үнемдейтін шамдар, физика бойынша бағдарламалық кешен, композиттік материалдар (шунгит), COVID-19 вирустарын жоюға арналған дербес портативті құрылғы, арнайы мақсаттағы полиэфирлі шайырлардың тәжірибелік өнеркәсіптік өндірісін құру, наноспутник және тағы басқа барлығы 20-ға жуық инновациялық жоба қойылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев қазіргі кезде университет елдегі ғылыми жобалар мен жарияланымдар саны бойынша жетекші орында екенін айтты.  Ректор мұндай инновациялық экожүйе іргелі зерттеулерді коммерцияландыру сатысына шығаруға және дамытуға мүмкіндік беретінін алға тартты.

 «Бүгінгі кездесудің нәтижесі бойынша біз ғылым мен бизнестің табысты әріптестігі үшін тиімді тетіктерді әзірлейтінімізге сенімдімін. Басқосуда ғылым мен бизнестегі ғылыми-технологиялық даму саласы бойынша заңнаманы жетілдіру ұсыныстары әзірленіп, ұтымды идеялар айтылады деп күтеміз», – деді Жансейіт Түймебаев.

Жиын барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылымды коммерциялаудың маңызын айтып, осы бағытта атқарылып жатқан шараларды атап өтті.

«Жеке заң, Ұлттық кеңес, министрлік құрылды, Ғылым академиясын қайта жүктелуде, қаржыландыру. Заңнамалық база биыл аяқталатын болады. Біз жарты жыл бұрын сіз бен біз айтқан барлық тезистерімізге өте байыпты, қарымды келе жатырмыз. Коммерцияландыру – өте ауыр жұмыс. Мұнда эксперименттер мен мінсіз модельдеуден басқа, біз үйреніп, бейімделуіміз қажет көптеген басқа фактор бар», – деді министр.

ҰКП өкілдерінің пікірінше, ғылыми жобалардың көбін коммерцияландырып, нарыққа таратуға болады.

«Бұл ғылыми әзірлемелердің көбі коммерцияландарып, масштабтауға болатын жобалар. Ғылым мен бизнес инновациялық әлеуетті дамытудың екі маңызды құрамдас бөлігі екенін толық қолдаймыз. Тиімді іске асыру арқылы осы екі сектор арасындағы ынтымақтастық күрделі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге, экономиканың өсуіне және жаңа жұмыс орындарын құруға көмектеседі», – деді Мақсат Қиқымов.

Спикер Ұлттық палата және бизнес өкілдерінің бастамасымен Ғылым комитеті жанынан коммерцияландыру жөніндегі жеке ұлттық ғылыми кеңес құрылғанын айтты. ҰКП ұсынысы бойынша 12-ден астам қауымдастық, сондай-ақ бизнестің 28 өкілі 10 ұлттық ғылыми кеңестің құрамына енгізілді. Бұл қазірдің өзінде ғылыми және бизнес топтардың өзара іс-қимылының белгілі бір нәтижелерін береді.

Мақсат Қиқымов Үкімет ғылымды қаржыландыруды 2020 жылы 89 млрд теңгеден осы жылы 160 млрд теңгеге, ал 2025 жылға қарай 240 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын атап өтті. Бұл мемлекет тек осы бағыттағы даму қарқынын арттыратындығын көрсетеді.

 Еске салсақ, Ұлттық палата және бизнес өкілдерінің бастамасымен Ғылым комитеті жанынан коммерцияландыру жөніндегі жеке ұлттық ғылыми кеңес құрылды. Сондай-ақ ғылымның бизнеспен өзара іс-қимылына жағдай жасау мақсатында Ғылым қорының Бизнес-серіктестер клубы ғылыми жобаларды коммерцияландыруға мүдделі бизнес өкілдерінің қауымдастығы құрылды. Қазіргі уақытта клубқа 180-ден астам мүше кірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер