«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Президент «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады

2023 жылғы 11 Сәуір
5919 просмотров

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту тәсілдері баяндалды.

Райымбек Баталов шағын және орта бизнесті қолдаудың кешенді бағдарламасын әзірлеу бойынша тұжырымдамалық ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, Ұлттық палата басшысы өңірлердің салалық басымдығы мен шағын бизнес мүддесін негізге ала отырып, кешенді бағдарлама әзірлеуді, сондай-ақ бағдарламада отандық инвестицияларды ынталандыру үшін орта бизнесті дамытуға баса назар аударуды ұсынды.

Сонымен қатар, Президентке «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға бизнестің қатысуы туралы айтылды. Мемлекет басшысы жобаны жүзеге асыруда отандық кәсіпкерлерді тартудың маңызын тағы атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің қызметін жандандыру жөнінде ұсыныстар беруді тапсырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер