«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістандық кәсіпкердің суармалы жер учаскесіне заңсыз тыйым салынған

2023 жылғы 10 Сәуір
- Түркістан облысы
9036 просмотров

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бизнес өкілі суармалы 1,9 га жер учаскесіне сот шешімімен қойылған тыйымды босатуға көмек беру туралы шағыммен жүгінген.

Кәсіпкердің шағымын Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қарау барысында Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы визуалды тексеру негізінде нақты фактілерді анықтамай, бау-бақшамен айналысатын жер учаскесіне заңсыз құрылыс салу туралы талаптар қойғаны анықталды.

Сот шешімімен кәсіпкерге заңсыз ғимараттарды бұзу туралы талап қойылып,  атқарушылық іс жүргізу негізінде шектеулер қойылған. Нәтижесінде, жергілікті әкімдік кәсіпкерге мыңнан астам жеміс-жидек көшеттері бар суармалы жер учаскесіне су беруден бас тартқан.

Осылайша, Антикор қызметтің ұсынымдары бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылып, бизнес субъектісіне қатысты барлық қойылған шектеулер мен кедергілер алынып тастау жолымен кәсіпкердің құқығы қорғалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер