«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Bed Tax: отельерлерге туристік жарнаны алу бойынша нұсқаулық берілмеді

2023 жылғы 10 Сәуір
5365 просмотров

Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен осы жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда шетелдік туристер үшін bed тax туристік жарнасы енгізілді. Туристік қоғамдастық нормативтік құжатқа бірқатар тұжырымдамалық ұсынысқа бастама жасады. Бұл ұсыныстарды мемлекеттік орган қолдап, барлық қажетті өзгеріс 15 сәуірге дейін енгізіледі деп уәде берді.

«Туристік жарнаны алу механизмі, мемлекеттік органдардың әкімшілендірудің барлық алгоритмін түсіндіруге қатысты берген уәдесі, турситік жарнаны тұрақты талқылауға қарамастан, қазіргі кезде қонақүйлердің мәселелері шешілмей тұр. Есепті кезең басталып, салада шешілмеген өзекті мәселелердің болуы себепті бүгін ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, қонақүйлер мен туристік нарық өкілдерінің қатысуымен осы кездесу ұйымдастырылды», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП туризм департаментінің басқарушы директоры-директоры Дамиля Құнанова.

Атап айтқанда, қонақүй иелері шетелдік туристер мен туроператорлардың туристік жарна бойынша орындалған жұмыстар мен шот-фактуралар актісін сұратуы, Bed Tax жинау кезінде турбизнестің қосымша қаржылық шығындары, туристік топтар келесі жолы қонақ үй емес жалға берілетін тұрғын үйде қалуға ниет білдіргені жайында жағымсыз жағдайлар, шетелдік туристерді туристік жарна бойынша жарнаға қатысты орыс және ағылшын тілінде хабардар ету қажеттілігі туралы сұрақтарға жауап іздейді.  

«Эквайринг, яғни банк карточкасын ұстаушыларға қызмет көрсету шығынға батырып жатыр. Банк 1-ден 3%-ға дейін ұстап қалады. Бұған қоса кассалықаппараттар үшін де пайызын алады. Қазіргі кезде қонақүйлер мемлекетке ақша жинап, өзі минуста болғаны ма? Туристер Ресейден Қазақстан қонақүйіне келген кезде оларға жарна төленгенін растайтын құжаттар ұсынылмаған нақты жағдайлар бар. Осындай қиындықтардың болуына байланысты туристер енді қонақүйге емес, пәтер жалдауға таңдау жасайды. Қазір біз өз қолымызды өзіміз кесіп жатөан жайымыз бар», – деді қалалық туризмді дамыту орталығының өкілі Татьяна Верницкая.

Кәсіпкерлердің сұрақтарына ҚР ҚМ МКК өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды әкімшілендіру және арнайы салық режимі департаментінің директоры Арман Тян жауап берді. Алайда қонақүй иелері бұл жауаптарына қанағаттанбады.

«Баптарды негізге алып, көп мысал айтуға болады.  Түсініктемелерді бірнеше параққа жазып шығуға болады. Бірақ бізде нақты адамдар, бухгалтерлер мен туристік фирмалар бар. Ал біздің жауапкершілігімізде шетелдік турситер бар. Олар ертең осыншама қиындыққа қол сілтеп, әр алгоритмі оңай әрі түсінікті елдер – Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Әзірбайжанды таңдайды», – деп санайды Верницкая.

           Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Нұртас Кәріпбаевтың айтуынша, bed tax төлеу тәртібі уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен осы жылдың мамыр-маусым айларында бекітіледі деп күтілуде. Қазіргі кезде бұйрық жобасы министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде келісу сатысында тұр.

 Еске салсақ, bed tax туристік жарнасы Қазақстанда 2023 жылдың басынан бастап енгізілді. Оны енгізудің негізгі мақсаты – Қазақстанда өңірлік туризмді дамыту үшін қаражат жинақтау. Алайда, шешілмеген мәселелердің үлкен ауқымына байланысты туристік жарнаны тоқтата тұру немесе жою мүмкіндігін қарастыру қажеттілігі тағы да туындап отыр.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер