«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістанда кәсіпкерлікті қолдауға арналған ауқымды жобалар басталды

2023 жылғы 07 Сәуір
- Түркістан облысы
5885 просмотров

Биылдан бастап республика көлемінде жаңадан жобалар қолданысқа енгізілмек. Ол тек қалада ғана емес ауылдық жердегі елді мекендерде де кәсіпкерлік бастамасы бар кәсіп ашуға ниетті адамдарды қолдауға арналған «Мен кәсіпкер» ауқымды жобасы, жобаны Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады дейді Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Әзірет Ыдырыс.

Оның айтуынша, «Мен кәсіпкер» су жаңа жобасы 2023 жылдан бастап республика көлемінде толық атқарылып шығады.

Айта кетейік, жобаның ішіндегі кейбір құралдар бұған дейін әртүрлі кезеңдерде пилоттық жоба ретінде қолданылып келді. «Мен Кәсіпкер» жобасы жалпы үш бағыт бойынша жұмыс істейтін болады. Алғашқысы – Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы болса, екінші бағыты – «Кәсіпке бағыт» жобасы. Үшінші бағыты – «Бір ауыл – бір өнім» жобасы.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы бөлімінің басшысы жобаның кімдерге арналғанын және мақсатын айта кетті.

«Мен Кәсіпкер» жобасына тек қыз-келіншектер ғана қатыса алады. Ал «Кәсіпке бағытқа» ер азаматтар мен әйел азаматшалар да қатыса алады. Мақсаты – ауылдық жердегі елді мекендерде орналасқан белгілі бір өнім шығарушы кәсіпкерлерге республика деңгейінде қолдау көрсету, кәсіпке баулу, оқытып біліктілігін арттырып, бизнес ашуды үйрету, - дейді Әзірет Ыдырыс.

Айтып өткеніміздей, жобадағы бірінші бағыт Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар қыз-келіншектерге кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер береді, өтінімдер бойынша сұранысқа ие кәсіби оқытуларды ұйымдастырады. Сондай-ақ, кәсіп иелерінің ісін дамыту бойынша менторлық сүйемелдеу жұмыстары жасалады, кәсіпорындардың даму әлеуетін анықтау үшін ағымдағы бизнес жағдайына сыртқы бағалауды ұйымдастырып береді.

Бұдан бөлек, Әзірет Талғатұлы «Кәсіпке бағыт» жобасын да түсіндіріп өтті. Оның сөзінше, бұл бағытта әр өңірдің бейімделген кәсіп түрлеріне арналған кәсіби оқытулар жатады.

Кәсіби оқуға тек қана сол сала бойынша айнылысатын кәсіпкерлер қатыса алады. Оқытушы эксперт те сол саланың маманы болады, эксперт тек оқытып қана қоймай, оқу аяқталғаннан кейін де онлайн түрде сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп отырады. Оқудың бұл түріне ер кәсіпкерлер де, әйел кәсіпкерлер де қатыса алады. Алдағы уақытта әр өңірдің бейімделген кәсіп түрлері айқындалып, оқуға өтінімдерді қабылдау басталады, - деді ол.

Ал үшінші бағыт «Бір ауыл – бір өнім» жобасының негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі белгілі бір өнім шығарушы кәсіпкерлерге республика деңгейінде қолдау көрсету. Өнімге деген негізгі талап, өнімді өндіруге кететін шикізаттар сол өңірден болуы тиіс дейді палата өкілі.

Бұл жоба бойынша өндірілетін өнімнің көлемі маңызды емес, яғни «айына мың шақты өнім өндіру керек» деген секілді талаптары жоқ. Жылына жүз ғана өнім өндіретін болса да осы жобаға қатыса алады. Шағын бір елді мекеннің кәсіпкері өндіретін өнімге кететін шикізаттардың басым көпшілігі сол елді мекеннен немесе көршілес елді мекендерден болуы керек. Бұл жоба бойынша өтінімдер қабылдау жақын уақытта басталады. Өтінімдер жиналып болған соң, республикалық деңгейдегі маркетологтардың қатысуымен облыс көлемінде барлық өнімдердің жинақталған көрмесін өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді бөлім басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер