«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шикі қант құрағын бажсыз әкелу жеңілдігі 2023 жылдың соңына дейін жалғасады

2023 жылғы 05 Сәуір
5525 просмотров

Дереккөз: liter.kz

ЕЭК Кеңесінің 2023 жылғы 30 наурыздағы өткен отырысында мүше елдер ЕАЭО қант нарығының тұрақты жұмыс істеуі үшін жағдай жасау жолдарын қарастырды. Қантпен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы Қазақстан үшін бажсыз әкелу түріндегі шикі қант құрағына осы жылдың соңына дейін 350 мың тонна мөлшерінде квота беру туралы шешім қабылдады. Қосымша қажеттілік болған жағдайда, бұл көлем осыы жылдың қазанында қайта қаралатын болады.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 2023 жылға арналған қант бойынша бірлескен индикативтік балансына сәйкес Қазақстанда қантты ішкі тұтыну 600 мың тоннаны құрайды, соның ішінде қантты ішкі өндіру есебінен 50 мың тонна өндіріледі.

«Қазақстан тарапынан, атап айтқанда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары қажет болған жағдайда қосымша талқылау жүргізуді ескере отырып, Қазақстанға квотаны 450 мың тоннаға дейін ұлғайтуды ұсынды. Ел ішінде қант саласын дамыту мәселесін шеше отырып, қант әкелуге квотаны одан әрі ұлғайтуға қол жеткізу қажет», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің басқарушы директоры Алнұр Данишев.

2022 жылы Ресейдің қантты экспорттауға салған тыйымы салдарынан Қазақстанда қант тапшылығы туындап, халық арасында әлеуметтік шиеленіс орын алғанын атап өткен жөн.

Сондай-ақ, ЕЭК Кеңесі жеке тұлғалар үшін тауарларды бажсыз әкелудің жоғары шегінің қолданысын 2023 жылғы 1 қазанға дейін 1000 еуроға ұзартты. Сонымен қатар ұлттық заңнамаға сәйкес медициналық бұйымдардың айналымын реттеу жағдайлары нақтыланды.

Осылайша, медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер енгізілді, олардың талаптары кейбір медициналық бұйымдарға қатысты қолданылмауы мүмкін. Атап айтқанда, Одақ нарықтарында медициналық бұйымдардың болмауы немесе болмауы қаупі төнген кезде төтенше жағдайлар, соғыс қимылдары жағдайы, айналасында қауіп төндіретін жаңа эпидемиялық аурулардың таралу қаупі туындайтын немесе артатын медициналық бұйымдарға қатысты қолданбайды.

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер