«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» Ұлттық палатасы жүк көліктерін ҚХР-ға кезектен тыс өткізу бойынша регламентті жариялады

2023 жылғы 31 Наурыз
6884 просмотров

 ҚР ҚМ ММК, «Атамекен» ҰКП, ҰҚК ШҚ, Көлік прокуратурасы өкілдерінің қабылдаған шешімі бойынша Бас көлік прокуратурасының басшылығымен Қазақстан Қытайға экспортқа ресімделген тауарлармен 62 автокөлік құралын кезектен тыс өткізуге старт берілді. Атап айтқанда, зығыр мен мақсары тұқымы, бидай кебегі, мақсары майы, қазақстандық өндірушілердің кондитерлік өнімдері экспортталып жатыр.

Сонымен қатар ҚХР-ға кезектен тыс жүзден аса бос көлік жіберіледі. Олар кейін Қазақстанға мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобалар мен міндеттерді іске асыруға қажетті жабдықтар мен материалдар әкеледі.

Осыған байланысты инвестициялық жобалар мен мемлекеттік маңызы бар міндеттер шеңберінде ҚХР-ға экспортқа өтетін автокөлік құралдары мен тауарларды және бос көліктерді «Нұр Жолы» өткізу пункті арқылы кезектен тыс өткізу бойынша деректерді қабылдау, жинау және беру регламенті әзірленді.

 

Регламент мәтіні төменде:

Инвестициялық жобалар мен мемлекеттік маңызы бар міндеттер шеңберінде ҚХР-ға экспортқа өтетін автокөлік құралдары мен тауарларды және бос көліктерді «Нұр Жолы» өткізу пункті арқылы кезектен тыс өткізу бойынша деректерді қабылдау, жинау және беру

РЕГЛАМЕНТІ

 

  1. Декларанттар (тасымалдаушылар) «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жетісу облысы Панфилов ауданындағы филиалына «Нұр Жолы» кеден бекеті басшысының атына мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобалар мен міндеттер шеңберінде ҚХР-ға экспортқа өткізілетін автокөлік құралдары мен тауарларды және бос көліктерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, шекарадан кезектен тыс өткізу туралы мына электрон поштаға еркін формада өтініш жолдайды: atameken.nurjoly@gmail.com
  1. Экспортқа шығуды растайтын құжаттар:
  •  «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде рәсімделген экспорт декларациясы,
  • кестеде көрсетілген деректер:

№ п/п

Компания атауы, БСН

Автокөліктің мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгілері

Тауар атаулары

Салмағы мен құны

 «АСТАНА-1» АЖ-да рәсімделген ДТ нөмірі

  1. Инвестициялық жобалар мен мемлекеттік маңызы бар міндеттер шеңберінде бос автокөліктерді өткізуге арналған растайтын құжаттар:
  • компаниялардың мемлекеттік органдарға (Үкімет, министрліктер және әкімдіктер) жіберген, оң жауап алған хаттары
  • кестеде көрсетілген деректер:

№ п/п

Компания атауы, ЖСН

Автокөліктің мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгілері

Тауар атаулары

Салмағы мен құны

Мем. органдар жауап хаттарының датасы мен кіріс нөмірлері

  1.  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жетісу облысы Панфилов ауданындағы филиалы деректерді тексергеннен кейін алдыңғы тармақта көрсетілген құжаттарды қосып, жинақталған кестелерді электрон түрде «Нұр Жолы» кеден бекетіне жібереді.
  2.  «Нұр Жолы» кеден бекеті жоғарыдағы тармақта көрсетілген деректерді алған соң «CarGoRuqsat» электрон кезек жүйесінде тасымалдаушылардың ЖСН нөмірі және көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлерін көрсетіп, жақын күнге «ақ парақ» дайындап, бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жетісу облысы Панфилов ауданындағы филиалына хабарлайды.
  1. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жетісу облысы Панфилов ауданындағы филиалы «Нұр Жолы» кеден бекетінен «ақ парақ» дайындалғаны туралы хабарлама алған соң бұл туралы декларанаттарға (тасымалдаушылар) хабарлайды.
  1. Декларанттар (тасымалдаушылар) ақпаратты алған соң «ақ параққа» сәйксв «CarGoRuqsat» жүйесінде көлік құралдарын тіркеп, кеден шекарасынан өті үшін көліктерді «Нұр Жолы» өткізу пунктіне жібереді. 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер