«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола аграршылары көктемгі егіске байланысты өзекті мәселелерді талқылады

2023 жылғы 30 Наурыз
- Ақмола облысы
8068 просмотров


Өңірлік кеңес жанындағы АӨК және тамақ өнеркәсібі комитетінің кезекті отырысы барысында көктемгі егістің күрмеуі көп мәселелері жан-жақты талқыланып, тығырықтан шығар төте жол ізделді.

Атап айтқанда, кездесуге қатысушылар көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысын, жанар-жағар майды жеткізу бойынша проблемалық мәселелерді, бұрын бөлінген субсидиялар бойынша электрондық шот-фактураларға түзетулер енгізуді, сондай-ақ ақбөкендердің егінді жыл сайын басып тастау фактілерін талқылады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, ағымдағы жылы облыста алдын ала құрылым бойынша 5,2 миллион гектардан астам алқапқа дән отырғызу жоспарлануда, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4,7 миллион гектар алқапқа егілетін болады. Өткен жылмен салыстырғанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алқабы 54,3 мың гектарға көбеймек. Көктемгі егісті кідіріссіз өткізу үшін диқандар ұқымымен толық қамтамасыз етілген. Көктемгі егіс жұмыстарына байланысты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселесі туындап отыр. Жыл сайын дала жұмыстарын жүргізу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Энергетика министрлігімен бірлесіп дизель отынын жеткізу үшін кесте бекітеді. Сонымен қатар, бүгінде жанар-жағар майдың кепілдендірілген көлемін алу үшін туындап отырған бірқатар проблемалар бар.

 

«Осындай мәселелердің бірі – вагондардың жүйелі түрде жүктелмеуі. Мәселен, мұнай өңдеу зауыты белгілеген вагондық норма 65 тонна көлемінде болса, іс жүзінде 58-59 тонна ғана құяды. Нәтижесінде әр вагоннан 5-6 тоннадан жетіспейді. Бұл ретте, цистерналар вагонының негізгі паркі жүк көтергіштігі 62 тоннаға дейінгі цистерналардан тұратыны ескерілмейді», – дейді өңірлік кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Гүлден Хаметова.

Оның айтуынша, құрамы бойынша сапалы дизель отынын жеткізу мәселесі де өзекті болып табылады. Ол солтүстік өңірлерде күн суық. Жазғы дизель отыны қатып қалуы да әбден мүмкін. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары ауа райы жағдайын ескере отырып, Павлодар мұнай-химия зауытының өнімі -13С градусқа дейінгі суыққа төтеп береді. Ал, Шымкент мұнай өңдеу зауытының өнімі -6°С-қа дейін ғана. Яғни, солтүстік аймақтарға жарамсыз. Тағы бір фактор – тиімді логистика. Жолдың қашықтығы қосымша логистикалық шығындарға әкеліп соғады. Комитет отырысы барысында ауыл шаруашылығы өндірушілері тыңайтқыштарды уақтылы субсидиялау, фермерлерді қолдаудың басқа да тетіктері туралы айтқанда, Азық-түлік корпорациясы ұсынатын, оның ішінде ағымдағы жылға форвардтық сатып алу бойынша қаржыландыру көлемі туралы мәселелерді көтерді.

«Кенесары Бидай» ЖШС директоры Қуанышбек Ибраевтың айтуынша, 2023 жылы бөлінген қаражат өңірдің ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін жеткіліксіз.

 

«Биылғы жылы еліміз бойынша ДДҰ өткізуге небәрі 20 миллиард теңге бөлінді (салыстыру үшін: 2022 жылы - 70 млрд). Бұл 20 миллиарды солтүстік облыстар арасында бөліп, облысымызға шамамен 4,1 млрд теңге бөлінді. Біз өтінімдерге мониторинг жүргіздік, 55 өтінім мақұлданды, қаржы институттары алдындағы берешекке байланысты шамамен 5 өтінім қабылданбады. Қосымша қолдау ретінде Азық-түлік корпорациясы бүгін тауарлық несиелерді ұсынады. Біз бұл жеткіліксіз екенін түсінеміз, 12 миллиард туралы мәлімделді, үш есе аз алынды, сондықтан Үкіметке тиісті сауалдар жолдадық», – деді облыс әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев.

 

«Отырыс қорытындысы бойынша барлық айтылған мәселелер мен кездесуге қатысушылардың бастамаларын біз жұмысқа қабылдаймыз, Азық-түлік корпорациясына ұсыныстармен сұрау саламыз. Хаттама жасалады, қабылданған шаралар туралы комитеттің барлық мүшелерін хабардар етеміз», – деп атап өтті Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер