Абай ауданында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде кеңес өтті
2023 жылдың 27 наурыз күні Абай ауданы прокурорының төрағалығымен және Абай облысының кәсіпкерлер палатасының Абай ауданының филиалының ұйымдастыруымен, жергілікті атқарушы, құқық қорғау, бақылаушы органдардың қатысуымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде кеңес өтті.
Аудан кәсіпкерлерімен кездесу бизнес субьектiлерiндегi жүйелі мәселелерді талқылау, жергілікті жерде жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, құқық қорғау және уәкілетті органдардың өзара күш-жiгерiн бiрiктiру мақсатында өтті.
«Аудандық кеңестің төрағасы Ардақ Сағадиұлы бір көзден мемлекеттік сатып алу мәселесін қозғады. Кәсіпкермен жеке кеңес өтіп, сұрақты жанжақты зерттейтін болып келісті. Қосымша топырақ пен кұм мәселесі көтерілді. Бізде бір-ақ топырақ карьері бар. Топырағы таусылған, кәсіпкерлер басқа жерден карьер қазуға рұқсат сұрады. Шешіп беретін болды. Одан кейін медициналық сақтандыру бойынша ауруханалардағы дәрі, бинттің тапшылығы тұралы мәселе қозғалды. Ауруханамен жиын өткізуге шешім қабылданды», – деп атап өтті Абай облысының кәсіпкерлер палатасының Абай ауданының филиалының төрағасы Еділ Құдайбергенов.
Кездесу барысында уәкілетті органдармен түсiндiрме жұмыстары жүргізілді және кездесу нәтижесінде кәсіпкерлердің сұрақтары мен ұсыныстары талқыланып, оларға нақты жауаптар, заңгерлік кеңес беріліп, қойылған ұсыныстары бақылауға алынды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: