Павлодардағы «Атамекен» кәсіпкерлері дауларды сәтті шешкені үшін қазыларға алғыс білдірді
Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес өкілдерінің, бизнес-омбудсменнің және мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.
«Қатысушылар Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьяларына татуластыру рәсімдерін қолдану кезінде дауларды шешудегі тиімді жұмысы үшін алғыстарын білдірді. Бұл бизнеске уақытты, ақшаны үнемдеуге және ең бастысы кәсіпкерлер арасындағы іскерлік қарым-қатынасты сақтауға көмектесті», - деп түсіндірді Павлодар «Атамекен» ӨКП директоры Серік Сәдуақасов.
Кездесуді мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасының міндетін атқарушы Күлімжан Жылбаева, қазылар Гүлмира Бертібаева мен Юлия Ибрагимова жүргізді. Жилбаева татуластыру рәсімдерін жүргізудің артықшылықтары мен сот тәжірибесінде сотқа дейінгі хаттаманы қолдану туралы айтты.
Сондай-ақ, кәсіпкерлерге сотқа талап-арыз беру кезінде оларды қалай дұрыс беру керектігі туралы айтылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: