«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚХР-мен шекарадағы жағдай: жұмыс тобының алғашқы нәтижесі

2023 жылғы 21 Наурыз
8862 просмотров

Бір апта ішінде ведомствоаралық топ Қазақстан-Қытай шекарасындағы кезекті 300-ден 70 көлікке дейін қысқарта алды.

«Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері шекарадағы жағдайды реттеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына кіріп, «Нұр Жолы» өткізу пунктіне барды. Жұмыс тобы ҚР премьер-министрінің тапсырмасы шеңберінде 2023 жылғы 13 наурызда құрылды.

 Ведомствоаралық жұмыс тобы жұмысының қорытындысы бойынша бір апта ішінде көлік өткізудің цифрлық көрсеткіштері ҚХР-дан көліктің келуі кезінде 4 есеге - күніне 150-ден 680-ге дейін және ҚР-дан көлік әкету кезінде 2 есеге - күніне  80-ден160-қа дейін күрт өсті. Іс жүзінде Қазақстан тарапынан шекарадағы кезек 4 есеге, 300-ден 70 көлікке дейін қысқарды.

 «Жұмыс тобы алдында жыл басынан бері 19 мың автокөлік құралының ішінен пайда болған «шекарадағы кептелісті жою» тапсырмасы барынша қысқа мерзімде қойылды. Кептелістің себебі – «CarGoRuqsat» (СЭБ) жаңа электрон кезек жүйесінің жетілмегендігі» – деді ҰКП мамандары.

Қаржы министрлігі және ҰКП жұмысы нәтижесінде «Нұр Жолы» өткізу пунктінде кейбір кедендік процедуралар оңайлатылды. Осылайша пункт арқылы көліктердің өту уақыты айтарлықтай қысқарды. Сондай-ақ, 2022 жылдың басында ескі e-Border электрон кезегіне тапсырыс берген көліктердің 70%-ы шекараны нақты өту үшін өткізу пунктіне келмейтіні анықталды.

 20 наурызда «Атамекен» ҰКП бастамасы бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы өткізу пунктінде өткізу қабілетін жеделдету бойынша бірқатар шешім қабылдады.

Біріншіден, ҚР ИИДМ нормативтік құқықтық актісіне өзгерістер енгізілгенге дейін 13.12.22 № 715 халықаралық автотасымалдауға рұқсат карточкаларынсыз және ҚХР-ның «С» (жүк автокөлік үшін) түріндегі рұқсат бланкілерінсіз шекараға келетін автокөлік жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартпау туралы шешім қабылданды.

 Екіншіден, ескі электрон кезекті толық тазарту үшін өткізу пункті айына бір рет 6000 көлік жүргізушісіне мессенджерлер арқылы осы айдың кез келген күнінде өтуге болатыны туралы хабарлайтын болады. Автокөлік деректері шекараға кірген немесе кірмеген кезде олар автоматты түрде электро кезек жүйесінен шығарылады. Бұл 2-3 ай ішінде 19 мыңдық кептелістен толық арылуға және СЭҚ қатысушыларына тек жаңа жүйеде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 Үшіншіден, «Атамекен» ҰКП-ның ҚР-дан тауарларды және ҚХР-дан инвестициялық келісімшарттар бойынша және мемлекеттік сатып алу (мемлекеттік тапсырыс) шеңберінде әкелінетін тауарларды экспортқа ресімделген көліктерді мемлекеттік шекара арқылы бірінші өткізу жөнінде дереу шаралар қабылдау туралы ұсынысы қолдау тапты. «Атамекен» ҰКП мүдделі мемлекеттік органдармен (ҚМ, ИИДМ, МТИ) бірлесіп, осы тауарлардың жеделдетіп өткізу процесін оңтайландыру жөніндегі уақытша механизмді әзірлейді. 

 Жұмыс тобының қызметі жалғасын табады. Қытай визалардың жеткілікті санын (аптасына 150 дана) және көліктердің кіруге қытайлық рұқсат бланкілерін беру, сондай-ақ электрон кезек жүйесін пысықтау қолға алынбақ.

 Еске салсақ, электрон кезектің пилоттық жобасы 2022 жылдың қарашасында «Достық» өткізу пунктінде (авто) іске қосылды. Пилоттық жоба нәтижесі бойынша нәтижелерге талдау жасау, қателерді жою және жүйені нақтылау қажет болды. Ол үшін ҰКП қатысуымен бизнестің ұсыныстарын шоғырландыратын және тасымалдау процесіне қатысушыларға жағдайды түсіндіретін жұмыс тобын құру ұсынылды. Алайда топ құрылған жоқ.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер