«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жайлы мектеп жобасына қатысушылар саны өсуі мүмкін

2023 жылғы 17 Наурыз
5822 просмотров

Дереккөз: time.kz

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ мектептерді салу және жобалау бойынша сатып алулардың конкурстық құжаттамасына мектепке жаңама құрылыс салу бөлігінде өзгерістер енгізуге қатысты «Атамекен» ҰКП мен бизнестің ұсынысын қолдады. Енді орта білім беретін мектептер, балабақшалар, жоғары оқу орындарымен қатар мектепке жаңама құрылыс салу да «әлеуметтік объект» ұғымына жатады.

Мектептерге жаңама құрылыс салу бойынша жұмыс тәжірибені есепке алу – көп құрылыс компанияға конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. Бұл шара  «жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру кезінде бәсекелестікті дамытуға ықпал етеді.

Конкурс құжаттамасына өзгеріс енгізілгеніне байланысты өтінім қабылдау мерзімі 29 наурыз сағат 18:30-ға дейін  ұзартылғанын атап өткен жөн.

Еске салсақ, «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы ұлттық жоба Мемлекет басшысының «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» жолдауын іске асыру шеңберінде қолға алынып жатыр. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ  осы жобаның бірыңғай операторы.

Конкурсқа қатысуға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда 1432 нөмірі бойынша «Атамекен»ҰКП  байланыс орталығына хабарласып, кеңес алуға болады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер