«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстаулық іскер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Креативті индустрия саласындағы үздік жоба» номинациясын алды

2023 жылғы 08 Наурыз
- Маңғыстау облысы
9565 просмотров

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Ару ана» жүлдесін алды.

Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтті. Сәуле Халелқызы «Креативті индустрия саласындағы үздік жоба» номинациясы бойынша жеңіске жетті.

ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демография саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен байқау жарияланды. Оған еліміздің барлық өңірінен 148 жоба қатыстырылды. 10 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Президенттің қолынан үлкен марапатты алу – зор жауапкершілік. Маңғыстаулық іскер әйелдерге жақсы мотивация болды. Енді ауыл кәсіпкерлерінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдары шетелге экспортқа шығарылмақ. Біз осы бағыттағы жұмыстарымызды жалғастырамыз», –  дейді Сәуле Салихова.  

Айта кетейік, Маңғыстауда әйелдерге арналған көптеген жаңа жобалар ашылуда. «Бір ауыл-бір өнім», еркін экономикалық аймақта текстиль кластері, қолөнерді дамыту жобасы, менторлардың кәсіпкер әйелдерді оқытуы тағы басқа. Осылардың барлығында Сәуле Халелқызы бастама бастап, мұрындық болып жүр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер