«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бейнебақылау, сайтқа жариялау, ашық конкурс: Ұлттық палата жер бермеген шенеуніктерді жауапқа тарту үшін қандай ұсыныстар жасады

2023 жылғы 03 Наурыз
6360 просмотров

Күні кеше Сенаторлар шенеуніктерге жер заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салатын заңды мақұлдады. Кәсіпкер нақты бір жер учаскесін алу үшін әкімдікке жүгініп, әкімдік оны аукцион арқылы беруіміз керек деп бермесе, онда әкімдік 90 күн ішінде аукционға шығаруы керек. Бұл Жер кодексімен міндеттелген. Алайда, міндеттеме болғанымен жауапкершілік көзделмеген. Содан әкімдіктер бұл талаптарды орындамайтын, оған қоса бұл талаптар ауылшаруашылық жерлеріне таралмайтын.

Салдарынан кәсіпкерлер мен шаруалар керек жер учаскелерін конкурсқа немесе аукционға шығару үшін әкімдікке «өтінішпен» баруға мәжбір болатын. Ал, бұл жемқорлыққа әкеп соғады. Ұлттық палата сарапшылары осындай жағдайларды болдырмау мақсатында Үкіметке «әкімдікке өз міндетін орындамағаны үшін тиісті жуапкершілік жүктеу керек және ол үшін заң нормаларын өзгерту керек» деп ұсынған болатын. Бұдан бөлек палата мамандары бірнеше ұсыныс жасаған, алайда заң шығарушы органдар түгел қабылдамады. Қандай өзгеріс қабылданды, қандайы қабылданбады? Бұл туралы Құрылыс және жер қатынастары департаменті директорының орынбасары Ернұр Әбжан тарқатып айтып берді.

Бұл өзгерістер, яғни жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заң жобасы Ұлттық палатаның жоағарыдаға ұсынысынан кейін дайындалды. Палата сарапшылары 2020 жылдың соңына қарай Үкіметке «кәсіпкер немесе шаруалар жер ала алмай жүр және жерді бермеген шенеунік жауапқа тартылмайды» деген мәселені жеткізді. Яғни, палата мамандары сол уақыттан бері бірнеше жұмыс тобының отырысына қатысып, кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға атсалысты.

Қаладағы жерді немесе ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді бермеген шенеунікке айыппұл салынады

Ернұр Әбжанның айтуынша, заң жобасындағы негізгі өзгерістің бірі – кәсіпкерлер мен шаруалар алуға өтінім берген қаладағы немесе ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді аукциондар мен конкурстарға шығармағаны немесе уақытылы шығармаған шенеунікке айыппұл салу. Жылына бұзушылық бірінші рет жасалса айыппұл – 30 АЕК (103,5 мың теңге), екінші рет қайталаса – 60 АЕК (207 мың теңге) құрайды.

«Кез келген шаруа өзінің жеріне іргелес жатқан бос жер учаскесін алғысы келсе, әкімдікке өтініш береді. Әкімдік «бұл жер конкурс арқылы берілуі керек» деп жерді беруден бас тартады. Бірақ оны конкурсқа шығармайды. Өйткені онда ешқандай міндеттеме жоқ. Заңда мұндай норма болмаған. Бұл көбіне жемқорлыққа әкеп соғатын. Себебі әкімдікке «сыйлығын» бермесе, ол жерді конкурсқа шығармайды. Сондай-ақ, конкурсқа шығарса да, шығармаса да – өзі біледі. Оның ешқандай міндеттемесі жоқ еді. Сенат мақұлдаған заң жобасында былай: әкімдік шаруаға жерді бермесе, 90 күн ішінде конкурсқа шығаруы керек. Шығармаса, айыппұл салынады», – деп түсіндірді Ұлттық палата сарапшысы.

Ал, қалада жағдай былай: кәсіпкер қаладан жер учаскесін алғысы келсе, оған әкімдік аукцион арқылы ғана береміз деп бермей қоюы мүмкін. Содан кейін ол жерді 90 күн ішінде аукционға шығаруы керек. Қала әкімдігі үшін осындай міндеттеме болатын.  Бірақ ол міндеттемені орындамаса да, жауапқа тартылмайтын – айыппұл болмаған. Енді айыппұл салынатын болды.

Ауыл тұрғындарының жеке мал басын жаюға арналған жайылым жерді біреуге пайдалануға берген шенеунікке айыппұл салынады

Жер кодексінде ауылдық елді мекен маңындағы жерлерді беруге тыйым салынған. Ол жер ауылдың малына жайылым болатын. Бұл талап Жер кодексі қабылданғаннан (2003 жылдан) бері бар. Бірақ бұл талап орындалмады. Неге?

«Себебі кодексте жайылым жер ауылдан 3 км немесе 5 км қашықта болуы керек пе, я болмаса қай жерден бастап мал жаюға болатыны көрсетілмеген. 2021 жылы заңға өзгеріс енгізілді – «Жайылымды дамыту жоспарына» енгізілген жер тұрғындардың жеке мал басын жаюға арнаоған жайылым бола алды. Сондай-ақ, бұл жоспарға енген жердің бәрі, тіпті шаруаның жері еніп кетсе де, мемлекеттік мұқтаждыққа алынады. Ал, мына заң аясында осы талапқа сәйкес жер учаскесін біреуге берсе, айыппұл салынады. Бұрын мұндай жайылым жер біреуге пайдалануға берілсе, әрі кетсе шенеунікке сөгіс жариялануы мүмкін еді. Енді айыппұл қарастырылады», – деп жауап берді сарапшы.

Келісімшартты уақытылы жасамаған шенеунікке айыппұл салынады

Ұлттық палата маманының айтуынша, жер учаскесіне құқық кәсіпкерге табысталғаннан кейін әкімдік келісімшарт жасауы керек. Егер әкімдік белгіленген мерзімде келісімшарт жасамаса, оған айыппұл салынатын болады.

Жер инспекциясы пайдаланылмаған жерге айыппұл сала алады, бұл – пайдаланылмай жатқан жерді алып қоюдың басты шартының бірі

2022 жылдан бастап жер инспекторлары әкімдіктердің қарамағынан Жер ресурстары комитетіне қарасты болды. Бұрын әкімдікке қарайтын. Енді бәрін қайтарды, бірақ инспекторлардың айыппұл салу мүмкіндігі осы заңға енгізілді. Бұл қалай болды?

«Мысалы, пайдаланылмай жатқан жер учаскесін алып қою үшін инспекция барып тексеріп, анықтау керек. Егер жер учаскесін әрі қарай игермейтін болса, онда айыппұл салатын болады. Содан кейін жерді тартып алу туралы сотқа арыз бере алады. Яғни, алдымен айыппұл, содан соң сотқа береді. Бұл пайдаланылмай жатқан жерді алып қоюға мүмкіндік беріп отыр», – деді Ернұр Әбжан.

Жер комиссиясы отырысының видеосын қатысушыларға бермесе, айыппұл салу

Енді Ұлттық палата ұсынып, алайда депутаттар (мемлекеттік органдар) қабылдамаған өзгерістерге тоқталайық. Жер кодексіне сәйкес, Жер комиссиясының отырысын видеоға түсіру керек. Отырыс қалай өтті, кім сөйледі, қандай ұсыныс айтылды – бәрі видеоға аудиосымен бірге түсірілуі, жазылуы және сақталуы керек. Өтінім берген адам комиссияның шешімімен келіспесе, отырыстың видеосын алуға құқы бар. Яғни, бәрі ашық болуы міндетті. Бірақ маманның айтуынша, комиссияның отырысын әкімдік түсірмесе де, оған жауапкершілік жоқ. Палата айыппұл салуды ұсынған, алайда қабылданбаған.

«Видео түсіріп, бірақ оны сұрағанда бермесе де, жауапкершілік жоқ. Әкімдіктің өз еркі – түсіре ме, бере ме, өзі біледі. Бермеген маманға жай сөгіс жариялай салады. Мысалы, палатаға Ақмола облысынан бір кәсіпкер хабарласты. Оған әкімдік комиссия отырысының видеосын не аудиосын бермеген және ол үшін ешкім жауапқа тартылмаған. Мұндай фактілер көп. Сол себепті Ұлттық палата аудио-видео жазбаны бермегені үшін айыппұл салуды ұсынды. Бірақ қабылданбады», – деп атап өтті сарапшы.

Әкімдік Жер комиссиясы отырысының хаттамасын ресми сайтқа жарияламаса, айыппұл салу

Жер комиссиясының отырысы өткеннен кейін оның хаттамасы әкімдіктің сайтында жариялануы керек. Бұл талапты «Атамекен» 2021 жылы ұсынып, заңға енгізілді. Бірақ...

«Бірақ Ұлттық палатаның талапты орындамаған шенеунікті жауапқа тарту, яғни айыппұл салу деген ұсынысы қабылданбады», – деді сарапшы.

Әр қала немесе елді мекеннің бас жоспарын сайтқа жариялау

Әрбір елді мекеннің бас жоспары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бар. Бұл ақпарат кәсәпкерлерге еі маңызды ақапараттың бірі болып табылады. Соның бәрін әкімдік ресми түрде жариялауға міндетті. Бірақ жарияламайды немесе адам түсінбейтін етіп суретін шығара салады. Ұлттық палата мамандары жарияламаған әкімдікті жауапқа тартуды ұсынғанмен қабылданбаған.

«Дегенмен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жемқорлық фактілерін жою үшін және жерді заң аясында пайдалануға бермеген шенеуніктерге жауапкершілік қарау ұсынысын жалғастырады», – деп түйіндеді сөзін Ернұр Әбжан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер