«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Самар ауданының кәсіпкерлері өзекті проблемаларды көтерді

2023 жылғы 27 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
6251 просмотров

Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы қайта құрылды, міне осы ауданда бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен кездесуі өтті, кездесу барысында атқарылған жұмыс қорытындылары айтылып, бүгінгі таңда бизнес үшін өзекті болып табылатын мәселелер көтерілді.

 

Бизнес-қоғамдастықтың жергілікті атқарушы және бақылау-қадағалау органдарының өкілдерімен кездесуін Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы мен ШҚО Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды, іс-шараға ӨКП директоры Қайрат Мамырбаев пен ШҚО бизнес-омбудсменінің өкілі Әлия Мұқашева қатысты. Кездесудің модераторы Самар ауданының прокуроры Айдос Тұрсынов болды.

Бірыңғай есеп беру күні форматында, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жол картасы шеңберінде Самар ауданының бақылау-қадағалау органдарының өкілдері ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында кәсіпкерлермен өткен кездесу барысында қабылданған 14 өтініш бойынша бизнес-қоғамдастық алдында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының басшылығы Самар ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Әсем Әбілмәжінованы таныстырды, сонымен қатар «Атамекен» қызметінің бағыттары белгіленді, кәсіпкерлер кез келген уақытта Палатаның көмегіне жүгіне алады.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен оның елдегі филиалдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі - бизнестің құқықтарын мемлекеттік органдар өкілдерінің заңсыз әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен қорғау. Біз бизнестен келіп түсіп жатқан өтініштерімен күнделікті жұмыс жасаймыз, сонымен қатар ай сайын Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің отырыстарын өткіземіз, ШҚО Прокуратурасы жанындағы Сараптамалық кеңестің тоқсан сайынғы отырыстарына қатысамыз, жергілікті жерлердегі өкілдеріміз облыстың қалалары мен аудандарының барлық прокуратуралары жанындағы мобильдік топтарға кіреді, яғни біз бизнес мәселелерін барлық жерде көтереміз және прокуратурамен, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен және т.б. бірлесе отырып бизнестің проблемаларын шешуге атсалысамыз. Кәсіпкерлерге тек құқықтық салада ғана емес, сонымен қатар сервистік, ақпараттық, консультациялық, адами капиталды дамыту, жобаларды сүйемелдеу және басқа да көптеген бағыттар бойынша қолдау көрсетеміз. Біздің Самар ауданында ашылған филиалымызға хабарлассаңыз болады!» - деді облыстық Палата директоры Қайрат Мамырбаев.

Кездесуге қатысушылар көпшілік дауыспен Самар ауданының кәсіпкерлер палатасы филиалы жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің құрамын бекітті және жақын арада, тағы бір жиналыс барысында төрағаны таңдайды.

Кездесу барысында кәсіпкерлер ауданның бизнес-қоғамдастығы үшін басымдыққа ие бірқатар ескі, бірақ әлі де шешілмеген мәселелерді көтерді: бұл ұялы байланыстың, Каспий банкінің бөлімшелерінің, терминалдарының және банкоматтарының болмауы.

Мемлекеттік сатып алу, мектеп асханаларын жалға алу үшін төлемді есептеу, салықтарды есептеу, жер қойнауын пайдалану, шағын және микробизнесті гранттық қаржыландыру жүйесі, алтынды заңсыз өндіру, жеке тұлғалардың банкроттығы және т. б. қатысты мәселелер де айтылды. Бизнестің жүйелі проблемаларын тиісті мемлекеттік органдар өз бақылауын алды, ақпараттық сипаттағы проблемалар кәсіпкерлердің қатысуымен арнайы кездеу барысында талқыланатын болды, Самар ауданының мемлекеттік органдары тұрақты түрде кәсіпкерлермен кездесу өткізбек ниетте.

«ШҚО Кәсіпкерлер палатасының басшылығы Самар ауданының кәсіпкерлерінің кейбір мәселелеріне баса назар аударды: бұл ауданда Каспи банктің болмауы және жергілікті шағын бизнесті гранттық қаржыландыруға бөлінген квотаны ұлғайту мәселесі. Бүгінгі кездесуге қатысты ауданның мемлекеттік органдары өздеріне алған міндеттемелерге байыпты қарайтынын атап өткім келеді, өйткені олар жақын арада бизнес-қоғамдастық алдында есеп беруі тиіс. Сондықтан мұндай форумдарды өткізу кәсіпкерлер үшін үлкен маңызға ие», – деп атап өтті ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әлия Мұқашева.

Кездесу нәтижесінде бизнес субъектілерінен жаңадан келіп түскен барлық мәселелер кәсіпкерлердің өтініштер тізіліміне енгізілді. Сонымен қатар, аудандық прокуратураның бастамасымен жедел өзара қарым-қатынас жасау мақсатында Whats App мессенджерінде Самар ауданының бизнесі мен мемлекеттік органдары үшін бірыңғай чат құрылды, онда проблемалық мәселелерді талқылауға, гранттар, субсидиялар және т. б. туралы құқықтық кеңестер мен жедел ақпарат алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер