«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігі форумы өтті

2023 жылғы 24 Ақпан
4587 просмотров

Алматыда 23 ақпанда «Women in business» әйелдер кәсіпкерлігі форумы өтті. Ұйымдастырушы – Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі болды.

Форумда бизнес-ортаны, соның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін, экономикалық саясатты, салалық мамандануды, ШОБ және басқа саладарды дамытудың неғұрлым проблемалық тақырыптары талқыланды.

Спикерлер ретінде табысты әйел кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, ірі компаниялардың, банктердің, даму институттарының басшылары, әйелдер кәсіпкерлігі мәселелерін шешуге өз көзқарастарымен бөліскен сарапшы-практиктер сөз сөйледі.

 Форумда «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов құттықтау сөз сөйледі.

Осы жылдан бастап Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары Қазақстанның барлық өңірінде «Бір ауыл – бір өнім» қосымша қызметімен жұмыс істейтін болады. Осы жоба туралы «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Салтанат Әбдікәрімова айтты. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары қажеттіліктер негізінде қызметтердің 7 түрін ұсыну және әйелдердің сұранысына қарай оқыту мен тәлімгерлік тағайындау бағытында жұмыс істейді.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы ауыл тұрғындарын нарықтық тартымдылығы бар жоғары сапалы бірегей өңірлік өнім жасауға тартуға бағытталған. Қазақстанда «Бір ауыл – бір өнім» жобасын іске асырудың түпкі мақсаты ауыл тұрғындарының әлеуетін дамыту және нығайту және ауылдық жерлерде кедейлік деңгейін қысқарту болып табылады. Бұл мақсатқа жергілікті тұрғындар арасындағы кооперацияны ынталандыру, ауыл қоғамдастығын жандандыру және жергілікті шикізатты пайдалану арқылы қол жеткізіледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер