«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палата делегациясы «Орта Азияда тауардың шығу тегі туралы электрон сертификаттау» шарасына қатысты

2023 жылғы 20 Ақпан
5746 просмотров

Ұлттық палата өкілдері ақпанның екінші онкүндігінде Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен «Орта Азиядағы тауардың шығу тегі туралы электрон сертификаттау» тақырыбындағы өңірлік шараға қатысты.

Сертификаттауға қатысты жиынды халықаралық саудадағы рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған «Ready4Trade Орта Азия» жобасы шеңберінде Халықаралық сауда орталығы ұйымдастырды.
Сауда рәсімдерін оңайлату бойынша ұсынылған реформалар шеңберіндегі бастамалардың бірі – тауардың шығу тегін растайтын сертификаттардың электрон алмасуын енгізу.

Шараға мемлекеттік органдардың өкілдері мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан тауардың шығарылуын сертификаттау мәселелері жөніндегі сарапшылар, сондай-ақ халықаралық сауда орталығы мен халықаралық сауда палатасының сарапшылары қатысты.

Ұлттық палатаның тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттау департаменті директорының орынбасары Айнұр Күзембаева көршілес елдермен бірге тауарлардың шығу тегін сертификаттаудың қолданыстағы жүйесін таныстырды.
Сондай-ақ, тауардың шығу тегін цифрлық сертификаттау саласындағы жаңа тенденциялар мен озық тәжірибелер, тауарды қағазсыз сертификаттауға кедергі келтіретін факторлар, сондай-ақ елдер арасында электрон форматта деректер алмасуға көшу мүмкіндіктері талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер