«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жеке бақшада ағаш егуге не кедергі?

2023 жылғы 21 Ақпан
5748 просмотров

Дереккөз: pixabay.com

 «Атамекен»  ҰКП алаңында  ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, оның аумақтық инспекциялары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ орман саласы бизнесінің өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

2020 жылы ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша орман қорында 5 жыл ішінде 2 млрд дана ағаш егуді іске асыру басталды. Бұған 71 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті облыс әкімдіктерімен бірлесіп, 2021-2025 жылдарға арналған орманды молықтыру және орман өсіру алаңдарын ұлғайту жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Облыс әкімдіктері көшеттерді мемлекеттік орман шаруашылықтарынан, яғни мемлекеттік орман бақтары және басқа да жеткізушілерден сатып алады. Бұл ретте жеке бақтар осы тапсырманы іске асыруға қатыспайды.

 Мемлекеттік органдар тікелей жеке бақтармен келісімшарт жасай алмайтынын, өйткені бұл шара қолданыстағы заңнамаға қайшы екенін түсіндірді: «Көшеттер ашық мемлекеттік сатып алу шеңберінде сатып алынады. Егу материалын тікелей бақтардан алу  үшін олар мемлекеттік сатып алуға қатысуы керек».

 Кәсіпкерлер биылғы тапсырысты қамтамасыз ету үшін көшеттерді 2 жыл бұрын өсіруді бастау керек. Ал кепілдендірілген тапсырыс болмаса егу материалын өсіру қосымша шығын екенін атап өтті.

Әнуарбек Жанғұлов мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысты қазіргі ахуалды хабарлады.  

«Қазіргі қағидаларды ескерсек, көшетпен қамтамасыз ету конкурсын жарты бағаға дилетанат ұтып алады. Өкініштісі мұндай ахуал бүкіл республика бойынша белең алған», – деді ол.

«Тапсырыс  туралы ақпарат алдын-ала жариялануы керек. Осылайша біз бастапқыда қажетті көлемдер туралы білеміз. Көшет 5 минут ішінде өспейтінін бәрі біледі, содан кейін жеке бақтар көшетті өз есебінен егеді. Кейін оны ешкім алмаса, шығынды кім өтейді», – деді «Ұланов П. С.» шаруа қожалығының директоры Елена Ұланова.

 «Нурузова» ШҚ жетекшісі Айшам Тұрсынова нәтиже алу үшін жоспар құру, қаражат пен жұмыс көлемін жеке бау-бақшалар арасында бөлуді ұсынды.

«Орман» қауымдастығының басшысы және «Дендро» ЖШС құрылтайшысы Әнуарбек Жанғұлов 2 млрд дана ағаштан тұратын жоба шикі және пысықтауды қажет ететінін айтты.

«Біз фьючерстік мәміленің нұсқасын қарастыруды ұсынамыз, сондықтан мемлекеттік орган болашақ егінге кепілдендірілген тапсырыс жасап, белгілі бір уақыттан кейін кәсіпкерлер оларды қамтамасыз етеді. Себебі биыл егілетін ағаш көшеттерін екі жылдан кейін ғана көшет ретінде пайдалануға болады», - деді ол.

Анар Шагиева  мемлекеттік сатып алуға  көбіне делдалдар қатысып отырғанын, импорттық өнім әкеліп, баға демпингін жүргізетінін, кәсіпкерлерге жеке бақтар үшін индустриялық сертификаттың басымдықтары туралы айтты. Индустриялық сертификаты бар өндірушілер кейіннен мемлекеттік сатып алуға басым тәртіппен қатысатын отандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізіледі.

Осыған байланысты, қауымдастықтармен индустриялық сертификат алу үшін бақтарға арналған критерийлерді әзірлеу бойынша жұмысты бастау келісілді.

«Бүгінде Қазақстанда 40-қа жуық жеке бақ жұмыс істейді, оларда көшет өсіруге көзделген 300 гектардан астам жер бар. Жеке бақтар сапалы аудандастырылған көшеттерді жеткізе алды», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП индустрия департаментінің директоры Анар Шагиева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер