«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда «Бір ауыл – бір өнім» жапон жобасын іске асыру бойынша Қырғызстанның тәжірибесі енгізіледі

2023 жылғы 17 Ақпан
4608 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының делегациясы Қырғыз Республикасында іске асырылған жапондық «Бір ауыл – бір өнім» жобасын зерделеу мақсатында Қырғыз Республикасына барды.

Сапар барысында ҰКП қызметкерлері жоба аясында өндірілетін жергілікті өнім өндіретін цехтар мен шеберханаларға барды. Өңірлік бренд-комитеттер мен БАБӨ дүкендерінің жұмысын зерделеп, жергілікті атқарушы органдардың, бизнес-қоғамдастықтың және «Бір ауыл – бір өнім+1» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесулер өткізді.

Сондай-ақ, кездесу болып, жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) кеңсесінің өкілдерімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Биыл Қазақстанда осы жоба бойынша Қырғыз Республикасының тәжірибесін іске асырып, енгізілетін болады.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы Қырғыз Республикасында жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) бірлесіп Ыстықкөл облысының аумағында 2007 жылдан бастап енгізілді және сәтті енгізілгеннен кейін еліміздің басқа өңірлеріне таралды.

Жобаның мақсаты – жергілікті қоғамдастықтардың тұрақты жұмысына ерекше назар аудара отырып, шағын бизнесті ілгерілетудің тұрақты моделін тарату.

Шамамен 40 цех пен шеберхана ашылып, 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Өндірілетін өнімнің ассортименті Жапония, Қытай, Корея, Қазақстан, Өзбекстан Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, АҚШ, Франция, Германия, Испания және Еуропаның басқа да елдері сияқты ішкі және сыртқы нарықтарда сатылатын 3 мыңға жуық атаудан тұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер