«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық кәсіпкерлер Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге 73 млн жуық теңге аударды

2023 жылғы 17 Ақпан
7760 просмотров

Өткен аптада «Атамекен» ҰКП жариялаған гуманитарлық көмек жинау аясында кәсіпкерлер «Күшіміз бірлікте» қорына қаражат жиналып, зардап шеккендерге көмек ретінде қайырымдылық көмек көрсету үшін Түркия Республикасының елшілігі белгілеген есеп шотына шамамен 72,7 млн теңге аударды.

Сондай-ақ, бизнес-қоғамдастық табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге 130 атаулы медициналық жабдық, соның ішінде 60 механикалық тонометр, 40 балдақ,  50-ден астам шатыр мен пеші бар киіз үй, жылу зеңбіректері мен электр генераторлары, киім-кешек, оның ішінде 280-ге жуық арнайы киім, 50-ден астам төсек жабдығы, азық-түлік және тұрмыстық заттады жіберді.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымовтың айтуынша, барлық өңірлік палатаның жанынан гуманитарлық көмек жинау бойынша штабтар құрылған.

«Біз Түркия елшілігімен үнемі байланыстамыз. Күнделікті өңірлік палаталарға елшіліктің қажеттілігі туралы күн сайынғы ақпарат негізінде ең өзекті тауар атауларының тізімі жіберіледі. Көмек қажетті және уақтылы жеткізілуі үшін елшілік тізіміндегі өнімдер бизнес-қоғамдастықпен пысықталып жатыр», – деді Мақсат Қиқымов.

 Сондай-ақ, өңірлік палаталардың қызметкерлері қазақстандықтар жинаған көмекті Түркияға жөнелту кезінде ерікті болып жұмыс істеді.

Қазіргі жағдай бойынша генераторлар, шатырлар, көрпелер және төсек қаптарына деген қажеттілік жоғары.

Өңірлерде жиналған гуманитарлық көмек тұтастай Түркияның ресми өкілдіктері бар қалаларға: Астана, Алматы және Ақтауға жіберіліп жатыр.

 Сондай-ақ, зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін жиналған өнімнің бір бөлігін көліктік-логистикалық қауымдастықтар мен кәсіпорындардың еріктілері гуманитарлық көмек ретінде жөнелтті.

«Біз зардап шеккен бауырлас түрік халқына көмектесу үшін қайырымдылық акциясына қатысқан барлық қамқор кәсіпкерге шын жүректен алғыс айтамыз», – деді Мақсат Қиқымов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер