«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Басты мақсат - кәсіпкерлерге қолайлы орта жасау

2023 жылғы 18 Ақпан
- Ұлытау облысы
10649 просмотров

Ұлытау ауданының әкімі, прокуратурасы, ӨКП Ұлытау аудандық филиалы және шаруа қожалықтары өкілдерінің қатысуымен өткен алқалы жиында өңірде кәсіпкерлікті қолдау және кәсіпкерлік белсенділік үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.


 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, өңірде кәсіпкерлік белсенділікке қолайлы жағдай жасау және бизнесті қолдау, сондай-ақ негізгі әлеуметтік мәселелер кездесудің өзекті тақырыбына айналды.

Жиында сөз алған Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Мақсұт Оспанов мемлекеттік қолдау шараларының арқасында шаруа қожалықтары  кәсіпкерлікті дамытуға жеңілдетілген несие ала алатынын атап өтті.


Жиынға аудан прокурорының міндетін атқарушы Рахымжан Рахатов,  ӨКП Ұлытау ауданы бойынша филиалының директоры Аманбек Сүлейменов, кірістер басқармасының басшысы Жасұлан  Мұханбетов, бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ шалғай ауыл әкімдері мен кәсіпкерлер қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер