«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палата заңсыз салынған 583 айыппұлды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр

2023 жылғы 17 Ақпан
6775 просмотров

 Кәсіпкерлер кеден органдарының әрекетіне қатысты шағыммен Ұлттық палатаға жүгінді. Кеден органдары ҚХР-мен шекарадағы өткізу пунктінде көліктердің жол жүргені үшін алдын ала хабарламастан айыппұл салып келген.

 «Forwarder International Logistics» ЖШС-ға ҚХР-мен шекарадағы ірі габаритті және ауыр салмақты автокөлік құралдарын өткізу пункті ішінде алдын ала хабардар етпестен жол жүргені үшін айыппұл салынған. Серіктестік көмекке жүгінген соң «Атамекен» ҰКП мамандары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 691 бұйрығында қайшылықты анықтады. Бұйрық ҚР және ҚХР автотасымалдаушылары үшін шекара маңындағы аумақта жүк тасымалдауды жеңілдететін норманың күшін жоюды көздейді. Алайда, күшін жою нормасының редакциясында қате сілтемелер бар, демек, сәйкесінше заңды күші жоқ. Бұйрықтағы қайшылықты Әділет министрлігі растады және оны ҚР ИИДМ Көлік комитеті жедел түрде жойды.

 «ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша бұйрықтағы қате норма қолданыста болған кезеңінде кеден органдары кәсіпкерлерге 583 әкімшілік материал ресімдеп, жалпы сомасы 51,2 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Бұл айыппұлдардың күші жойылып, кәсіпкерлік субъектілеріне  қайтарылуға жатады», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің сарапшысы Талғат Оспанов.

ҚР ИИДМ 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 57 бұйрығының күшіне енуіне байланысты 2023 жылғы 7 ақпаннан бастап ҚХР-дан қазақстандық автомобиль өткізу пункттерінің аумағында орналасқан көлік-логистикалық орталықтарға жүкті арнайы рұқсатсыз бекітілген параметрлерден асып, осындай пункттерден тыс автомобиль жолдарына шықпай тасымалдау мүмкіндігі жойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер