«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жас кәсіпкерлерді қолдау 

2023 жылғы 08 Ақпан
- Ұлытау облысы
10107 просмотров

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ӨКП ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙДЫ 
Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту және қолдау кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бірыңғай мемлекеттік бағдарламасы аясында 2023 жылдың 8 ақпанында кеншілер қаласында Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының Сәтбаев қалалық филиалы Сәтбаев қаласының жастар ресурстық орталығымен бірлесіп   жас кәсіпкерлерді қолдау шаралары кеңінен қаузалған жиын өткізді. 
 Кездесуде кәсіпкерлер палатасы мен  жастар ресурстық орталығының өкілдері кәсіпкерлікті бастағанда қандай мақсаттар мен міндеттерді қою керектігін тілге тиек етіп, жұмыс барысында кездесуі мүмкін құқықтық сұрақтарға қатысты мәселелерді шешудің жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, өз бетінше маркетингтік стратегияларды және бизнес-жоспарды жасау бойынша бағыт-бағдар беріліп,  жас кәсіпкерлер  көңіл аударуы тиіс нақты жобалар талқыланды. 
Жастар жылы шеңберінде қала әкімдігінің бастамасымен қолға алынған «Жексенбілік бизнес мектебі» жобасы бүгінде табыстылығын дәлелдеп, көптің сұранысына ие болғанын атап өту керек. Аталған жексенбілік мектеп жоғары сынып оқушыларының, колледж студентерінің, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен өз ісін бастағысы келетін тұлғалардың қызуғушылығын арттырып, білімі мен біліктілігін шыңдауға үлес қосты. 
Алдағы күндері де Сәтбаев қаласында кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағытында кәсіпкерлік палатасының тікелей ұйытқы болуымен қыруар істер атқарылмақ. Атап айтқанда, кәсіпкерлік палатасы жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, жастарды қайта оқыту мен мемлекет тарапынан өз ісін ашуға және дөңгелетуге берілетін қайтарымсыз грант сынды қолдау шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер