«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген өзекті мәселелер 

2023 жылғы 30 Қаңтар
- Ұлытау облысы
8869 просмотров

Жаңарқа ауданы әкімдігінде ауыл тұрғындарын не мазалайтыны туралы айтылды. 
Жаңаарқа ауданы әкімдігінде Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары Аман Бәрікенов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басшысы Ілияс Бекмағамбетов, ветеринария бөлімінің басшылары Әбусағит Әбдікердің қатысуымен және облыстың ауыл шаруашылығы Қайрат Мұтаев, Жаңарқа ауданының әкімі Юржан Бекқожин және Ұлытау өңірі ӨКП филиалы директорының міндетін атқарушы Бекболат Жарылғаповпен жиын өтті. Жиынға әр ауылдық округтен 110-нан астам шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты. Жиында ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген өзекті мәселелер талқыланды. Олар жеңілдетілген несиелер беру, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу және шаруаларға несие берудің басқа да тетіктеріне қатысты болды. Мал шаруашылығы, ауыл  техникасы, егін шаруашылығы тақырыптары талқыланды. Түрлі мекеме басшылары ауыл кәсіпкерлеріне субсидиялау жүйесі мен жер телімдерін бөлу мәселелерін түсіндірді. Шаруашылық басшыларының сан алуан мәселелер бойынша ұсыныстары тыңдалып, назарға алынды. Айта кетерлігі, шаруаларға қолдау көрсетудің бір түрі – Ұлытау өңірі бойынша ӨКП жұмысы. Ұлытау өңірінің өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегінің арқасында кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп және басқа да қаржылық мәселелер бойынша кеңестер мен заңгерлік көмекті тегін ала алады.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер