«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер палатасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

2023 жылғы 27 Қаңтар
- Ұлытау облысы
8905 просмотров

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлытау облысының кәсіпкерлері және шаруаларымен кездесу ұйымдастырып, оған облыс әкімдігінің өкілдері мен Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасының басшылығын шақырды. 


Әуе рейсінің кешігуіне байланысты кездесуге шақырылған кәсіпкерлер бос уақытты тиімді пайдаланып, облыс әкімінің бірінші орынбасары Аман Бәрекеновке және Ұлытау облысынын КП төрағасының м.а. Гүлмира Қаженоваға өздерін толғандырған сұрақтарды жолдады. Жиналғандар тарапынан қойылған сұрақтардың басым  көпшілігі жеңілдетілген несиелендіру, «Даму» қорынан қаражат алу, мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру, агроөнеркәсіп кешенін несиелендіру, гранттық қаржыландыруға қатысты болды.

Іс-шара барысында Гүлмира Изатуллақызы Ұлытау облысының кәсіпкерлік палатасы өз жұмысын бастап,  ӨКП негізінде бес салалық комитет құрғанын жеткізді. Олар : агроөнеркәсіптік кешен комитеті, өнеркәсіп комитеті, құрылыс, көлік және логистика комитеті, қызметтер және туризм комитеті, ШОБ және сауданы дамыту комитеті.

– Осының барлығы облыстың бизнесін, агроөнеркәсіп кешенін дамытып, туындаған мәселелер бойынша кәсіпкерлерге көмек пен қолдау көрсетуге мүмкіндік береді, – деді Гүлмира Изатоллақызы.

 Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алдын алу қызметінің басшылығы Саян Ахметжанов пен агенттік департаментінің басшысы Ернар Баянғазин кәсіпкерлер өз жұмысында кенеттен бюрократиялық және әкімшілік кедергілерге тап болған жағдайда мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты. Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Аман Бәрекенов кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеудің тетігі мен себебін, отандық бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған заңдардың қабылдануын түсіндірді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер