«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

 Ұлытау облысының ӨКП алаңында  агроөнеркәсіптік комитет өз жұмысын бастады 

2023 жылғы 25 Қаңтар
- Ұлытау облысы
9349 просмотров

Ұлытау облысының ӨКП алаңында агроөнеркәсіптік кешен комитетінің ауыл кәсіпкерлерімен алғашқы кездесуі өтті. 
Жиын барысында тұрғындар шаруалар мен фермерлерді толғандырып жүрген мәселелерді айтып, несиелеу, кепілмен қамтамасыз ету және ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту тетіктеріне қатысты тақырыптарды қозғады. Іс-шараны қорытындылай келе, Ұлытау облыстық ӨҚП төрағасының міндетін атқарушы Гүлмира Қаженова, салалық даму жөніндегі Басқарушы директор Рахымбек Зейнуллиннің, мұндай шаралардың ауыл кәсіпкерлерінің мұң-мұқтажын түсінуге, сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасы мен бизнес-қауымдастықтың бірлескен жұмысын жолға қоюға мүмкіндік беретінін алға тартты. 

 

Палата сарапшылары өз кезегінде бизнесті дамытуға арналған барлық мәселелер бойынша кеңес беріп, қолдау көрсетуге әрқашан дайын.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер