Мобильді топ жұмысы
«Аманат» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» ҚБ мобильді тобының жұмысы аясында жастарды жұмыспен қамту, олардың арнайы мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктері, жастарға арналған гранттар, жас кәсіпкерлерді қолдау мәселелері туралы тегін кеңес берілді.
Мобильді топ жұмысына Ұлытау облысының «Атамекен» КП мамандары да қатысты. Ұлытау облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Шолпан Қасымова жас кәсіпкерлерді қолдау мәселелері бойынша жастарға қажетті ақпарат берді. Палата жанынан кәсіпкерлерді қолдау орталығы жұмыс істей бастағаны белгілі. Оның аясында салықтық есепке алу, сондай-ақ, статистикалық есеп жасау қызметтері көрсетіледі. Құқықтық кеңес беріліп, бизнес-жоспарларды құруда, қаржылық мәселелер мен мемлекеттік қолдау бойынша маркетолог маман көмек береді. Сонымен қатар, жобаларға да қолдау танытылуда. Түрлі мәселелер бойынша кеңес алған тұрғындар қызықты әрі пайдалы ақпарат үшін Ұлытау облысының «Атамекен» КП мамандарына алғыс білдірді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: