«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан мен Түркия бизнесі: «Атамекен» ҰКП жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек жинау туралы хабарлайды

2023 жылғы 10 Ақпан
9239 просмотров

«Атамекен» ҰКП Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек жинау туралы хабарлайды

«Бауырлас елде болған трагедия қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. «Атамекен» Ұлттық палатасының атынан, бизнес қоғамдастықтың атынан заманымыздағы ең ірі табиғи апаттарының бірі барысында зардап шеккен түрік  халқына, Қазақстан мен Түркиядағы серіктестерімізге көңіл айтқым келеді. Мемлекеттеріміздің өзара ынтымақтастығының қай кезінде болсын түрік халқы еліміз үшін қиын күндерде достық көмек қолын созуға әрқашан дайын болды. Бүгін Қазақстанның бизнесі бауырлас түрік халқына да қолдау көрсетуге дайын», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

Түркияда болған жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарға қолдау білдіргісі келетін отандық кәсіпкерлер қаржылай және бірінші қажеттіліктегі тауарлар арқылы гуманитарық көмек көрсете алады. Көмекті өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы жүзеге асыруға болады. Толық ақпаратты 1432 байланыс орталығына хабарласыңыз.

Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі қазіргі уақытта Түркияда медициналық жабдықтар: пациенттердің жай-күйін тексеретін мониторлар, зембілдер мен креслолар, дефибрилляторлар, ЭКГ, ОЖЖ, УДЗ, анастезия аппараттары, глюкометрлер, небулайзерлер, термометрлер, тонометрлер, ларингоскоптар және басқа да санитариялық-медициналық тауарларға шұғыл қажеттілік бар екенін хабарлады.

Жиналған заттар зілзаладан қираған өңірлерге әуе қатынасымен жіберу үшін Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі мен консулдықтарына жіберілетін болады.

Сонымен қатар генераторлар, қалта шамдар, powerbank, шатырлар, төсек қап, қалың киім, термалдық іш киім қажет.

Бизнес өкілдері қазірдің өзінде қажет болған жағдайда жүктерді Түркияға жүк көлігімен тегін жеткізуді жүзеге асыруға дайын екенін білдірді. Қазақстан бойынша бірнеше фуралар жүк тиеуге дайын тұр.

Сонымен қатар кәсіпкерлер қаржылай көмекті «Күшіміз бірлікте» қоры арқылы аудара алады.

«Күшіміз бірлікте» қоғамдық бірлестігі
БСН 220140002583;
есеп айырысу шоты «Банк ЦентрКредит» АҚ: KZ268562203115072353;
«Банк ЦентрКредит» АҚ реквизиттері:
БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX
БСН/БИН 980741000260         
КНП 119

«Күшіміз бірлікте» қорына қаражатты Kaspi қосымшасындағы төлемдер арқылы аударуға болады.

 Жиналған барлық қаражат Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне жіберіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер