«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда прокуратура органдары жанынан бейнебақылау жүйелерін тексеру жөнінде комиссиялар құрылады

2023 жылғы 08 Ақпан
- Атырау облысы
8154 просмотров

Бұл туралы Атырау облысы прокуратурасы жанындағы сотқа дейінгі тергеу кезінде заңсыз әрекеттердің алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жедел кеңестің отырысы барысында айтылды. 

Облыс прокуроры Бауыржан Жұмахановтың төрағалығымен өткен жиында сотқа дейінгі тергеу кезінде және олардың жазасын өтеу барысында азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандықтарын сақтау мәселелері қаралды. 

Азаматтардың конституциялық құқығын өрескел бұзу фактілері бойынша қылмыстар және аумақтық басшыларға қатысты жүйелі тәртіптік бұзушылықтар үшін «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының 12-1-бөлігінің 80-бабы бойынша жауапкершілік көзделгені атап өтілді. Осыған байланысты жауапты органдарға сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде заңсыз әрекеттердің алдын алу және қылмыстық-атқару жүйесінде азаптау әдістерін қолдану жөніндегі іс-шаралардың кешенді ведомстволық жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Жиынға Атырау облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Алмас Әбілдаев және Атырау облысы бойынша Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл секторынының жетекшісі Сәрсенбай Жолдыбаев қатысты. 

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында азаматтардың, оның ішінде бизнес субъектілерінің конституциялық құқығын қорғау – бүгінгі таңда маңызды мәселе. Біз өз тарапымыздан соттан тыс институттар мен сот органдарының азаматтардың құқығын қорғау мәселелері бойынша, осы жұмысты жетілдіру әдістері және бар проблемаларды шешу бойынша ұсыныстар айттық. Сонымен қатар, «бизнесті қорғау және тартымды бизнес климатты қалыптастыру экожүйесі» жобасы аясында құзыретті органдардың назарын бизнесті қорғау бойынша бірлескен жұмыс жүргізу қажеттілігіне аудардық», – деді Атырау облысы бойынша Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл секторының жетекшісі Сәрсенбай Жолдыбаев.

Жиын соңында прокуратуралар жанынан қылмыстық қудалау органдарында және қылмыстық-түзеу жүйесінде тәулік бойы бейнебақылаудың болуын тексеретін ведомствоаралық комиссиялар құру туралы шешім қабылданды. Мамандардың айтуынша, бұл шара құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер фактілерінің алдын алуға бағытталған.
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер