«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШҚО ТЖД мен ШҚО Кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

2023 жылғы 08 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
6668 просмотров

Құжатқа ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерлан Нұрпейісов пен ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев қол қойды.

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша сындарлы ұсыныстар енгізу тұрғысынан ынтымақтастықты дамытуға бағытталғанбыз. Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы заң бұзушылықтарды, осы бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнінде бірлесіп шаралар қабылдайтын боламыз. Негізгі міндеттердің бірі – кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау», - деп  Ерлан Нұрпейісов атап өтті.

Өз тарапынан ШҚО КП директоры меморандум шеңберінде мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың және кәсіпкерлердің өкілдерін тарта отырып, тұрақты негізде бірлескен кездесулер, «дөңгелек үстелдер» отырыстары өткізілетінін атап өтті.

«Бұрынғыдай біз бірлескен комиссияларды, комитеттерді, жұмыс топтарын, өзге де консультативтік және сараптамалық органдарды құруды және олардың қызметін қамтамасыз етуді жалғастырамыз», – деп қорытындылады Қайрат Мамырбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер