«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП және Антикор бизнесті қорғау бойынша жұмысты күшейтті

2023 жылғы 08 Ақпан
6044 просмотров

Дереккөз: pixabay.com

 Биыл «Атамекен» және Аниткор бизнесті қорғауға, атап айтқанда, шенеуніктер тарапынан кәсібін адал жүргізетін бизнеске кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға ерекше назар аударып жатыр.

Жүйелі жұмыс басталды, ай сайын жұмыс кездесулерінде аралық қорытынды жасалады, заңнамалық олқылықтар, сондай-ақ бизнестің күнделікті тәжірибесінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталады.

«Бизнесті қорғау механизмдерін бірлесіп пысықтауды және заңнаманы түзету деңгейінде әкімшілік кедергілерді алып тастауды талап ететін проблемалар көп. Өйткені, сыбайлас жемқорлықтың көптеген тәуекел қолданыстағы құқықтық актілердегі олқылықтарға байланысты. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту өте күрделі процесс», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП өкілі.

 ҰКП мамандарының пікірінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 365-бабында бекітілген кәсіпкерлердің құқығын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың практикада қолдануды шектейтін жүйелі кемшіліктері бар.

Сот-тергеу тәжірибесінің жеткіліксіздігі көп жағдайда қылмыстық-құқықтық нормалардың бәсекелестігімен байланысты. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау құрамын сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басқа құрамдары, оның ішінде өкілеттіктерді теріс пайдалану, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, пара алу басып түсуі мүмкін.

Кейінгі бес жылда Қылмыстық кодекстің  365-бабы бойынша сотқа дейінгі 29 тергеудің тек 6-ы ғана сотқа жіберілді. Қалғандары шенеуніктердің әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Осы бап бойынша сотқа дейінгі тергеулердің тоқтатылуы шенеуніктердің кінәсін және қоғамдық қауіпті салдарын дәлелдеудің қиындығымен түсіндіріледі. Бапта қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын нақты айтылған іс-әрекеттер қамтылмаған.

Аталған түйткілді мәселелерді шешу, оның ішінде оларды заңнамалық деңгейде пысықтау бизнеске қысымды төмендетуге мүмкіндік береді және жазадан бұлтармау қағидатын қамтамасыз етеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер