«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палата мен Wildberries бірлескен жұмыс бағытын талқылады

2023 жылғы 07 Ақпан
7646 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында Төралқа төрағасы Райымбек Баталов және «Wildberries» ЖШҚ бас директоры Татьяна Бакалчук өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Wildberries» компаниясының бас директоры Татьяна Бакалчук қазақстандық кәсіпкерлерге маркетплейсті пайдалануды оқытудың маңызы туралы айтты. Осыған байланысты компания өкілі өңірлерде оқуды ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Біз оқуға шағын кәсіпкерлерді барынша тартуды қалаймыз. Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі бизнеске оқу мүмкіндігін ашқымыз келеді», – деді Татьяна Бакальчук.

Райымбек Баталов кәсіпкерлерді «Атамекеннің» өңірлік палаталары арқылы қамту мүмкіндігін атап өтті.

«Біз оқуды сапалы әрі тиімді ұйымдастыра аламыз. Сонымен қатар, бізде әйелдер кәсіпкерлігі белсенді дамып келеді. Сондықтан онлайн сауда және маркетплейс қызметтері бойынша жеке әдістемеміз бар. Бұл – отандық бизнес үшін өте өзекті бағыт», – деді Төралқа төрағасы.

Айта кетейік, Wildberries платформасында 2022 жылдың 9 айында 6 749 жеткізуші тіркелген, қазақстандық кәсіпкерлердің тауар сату көлемі 46,2 млрд теңгені құрады. Бұл – оның 2021 жылғы деңгейден 95,5 пайызға жоғары көрсеткіш. Бұдан басқа, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Wildberries алаңында тауарды сату бойынша жалпы айналымы 92,4 млрд теңгемен үшінші орында тұр.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер