«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістандық кәсіпкерлер «Жайлы мектеп» пилоттық жобасына қатысуға қызығушылық танытты

2023 жылғы 03 Ақпан
- Түркістан облысы
5689 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының «Өңдеу өнеркәсібі» мен «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі» комитеттерінің кезекті отырысы өтті. Жиында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасының талаптары, индустриялық сертификатқа өтініш бәру және кәсіпкерлердің саладағы өзге сұрақтары талқыланды.

Комитет отырысында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасының талаптары түсіндірілді. Оны «Атамекен» ҰКП Индустрия департаменті директорының орынбасары Арнұр Дарбаев баяндады. Ол ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде отандық тауар өндірушілерді тарту көзделгенін атап өтті.

«Ұлттық жобаның негізгі талабы – «Самұрық-Қазына» АҚ тауар өндірушілерінің тізілімі немесе индустриялық сертификат негізінде отандық өндірушілердің тізілімі арқылы жиһаз сатып алуды жүзеге асыру», – деді Арнұр Дарбаев.

Жиһаз өндірушілер ұлттық жобаға қатысуға ниет білдірсе, индустриялық сертификат алуы қажет. Индустриялық сертификатқа өтінім беру туралы толық ақпаратты мына сілтемеден оқуға болады: https://atameken.kz/kk/pages/886-industrial-naya-sertifikaciya

Тауар өндіруші, құрылыс саласындағы кәсіпкерлер жобаға қызығушылық танытып, сұрақтарын ортаға салып, қызу талқыланды.

Сондай-ақ, Өңірлік палатадағы Тауардың шығу тегін сертификаттау жөніндегі маман Дәулетияр Әліпов индустриялдық сертификатқа өтініш беру және алу тәртібін түсіндірді.

«Тізілімге енуге өтініш беру үшін doculite.kz сайтына тіркелу қажет. Жеке кабинетте өндірістің аумақтық орналасуы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтініш пен құжаттар топтамасын береді. Ұлттық палатаның тізіліміне енгізу 7 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ақысыз негізде жүргізіледі. Өндіруші тізілімге ұзарту мүмкіндігімен 3 жылға қосылады», – деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының маманы.

Сонымен қатар, жиында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ бағдарламалары таныстырылды. Жобаларды лизингтік қаржыландыру субъектілер үшін өңдеу өнеркәсібі шағын, орта бизнес және бизнестің барлық түріне тоқталып өтті. Жылдық мөлшерлемесі 3 пайызбен 80 млн теңгеден басталатын 3-10 жылға дейін несие алу мүмкіндігі айтылды.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» қызметінің негізгі бағыттарының бірі – елеулі әлеуметтік-экономикалық тиімділікке ие жобаларды ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру», – деп атап өтті басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева.

Отырыс соңында «Jet logistic» логистикалық компаниясы кәсіпкерлерге презентациясын ұсынды. Тауарды жеткізу бойынша қолайлы жолдарын көрсетті. Атап айтқанда, жеткізілетін жүк сақтандырылады, тауар бүлінген жағдайда толық сомасы қайтарылады, жүктің салмағы және көлеміне сай жеңілдіктер қарастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер