«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палата ЕАЭО шеңберінде алкоголь нарығын реттеу туралы келісім жобасына мониторинг жүргізіп жатыр

2023 жылғы 03 Ақпан
7110 просмотров

Дереккөз: obk.kz

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысы өтіп жатыр. Оған Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше барлық бес ел - Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресейд министрлер кабинеттерінің басшылары қатысып жатыр. Егжей-тегжей форматта қаралған мәселелердің бірі – ЕАЭО шеңберінде алкоголь нарығын реттеу туралы келісімнің жобасымен жұмыс істеу мәселесі болды.

Осы жолы Беларусь тарапының келісім жобасында алкоголь өнімінің талаптарына сәйкес келмейтін тауарды басқа мемлекеттің аумағынан мүше мемлекеттің аумағына әкелу кезінде нақты өндірушіге қатысты уақытша негізде шектеу енгізуді көздейтін «алып тастау» бабының болуы қажеттігі туралы ұсынысы болды. Қазақстандық тарап мұндай норманың қолайсыздығы туралы пікір білдірді.

Айта кетейік келісімге қатысты тараптардың келіспеуі сонау «Еуразиялық экономикалық қоғамдастық» кезеңінен он жыл бойы сақталып келеді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы келісім бойынша жұмысты тез арада аяқтау және алкоголь өнімдерінің өзара саудасын шектейтін кедергілерді жоюды жақтайды.

 Қазіргі кезде отандық бизнес ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумақтарында жоғарыда көрсетілген кедергілердің салдарынан, сондай-ақ Беларусь Республикасында «арнайы импорттаушылар» институтының алкоголь өнімінің импортына іс-қимылының әсеріне байланысты алкоголь өнімдерін өткізбейтінін айта кеткен жөн.

 

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер