«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық өндірушілер «Жайлы мектеп» жобасының қажеттілігін толығымен қамтуға дайын

2023 жылғы 02 Ақпан
7553 просмотров

Отандық тауар өндірушілер 400-ге жуық мектепті салуға қажетті тас өнімдерімен толығымен қамтуға әлеует жеткілікті деп санайды.

2023 жылдың 2 ақпанында Ұлттық палата алаңында өткен   презентация кезінде кәсіпкерлер кәсіпорандарының мүмкіндіктері туралы айтып, гранит, травертин, мәрмәр сияқты өнімдерін таныстырды.

«Атамекен» ҚР ҰКП атқарушы хатшысы, басқарма мүшесі Нұрлан Сақуовтың айтуынша, отандық өндірушілер сатып алуға қатысқанда, кедергілерге тап болады.

«Көп жағдайда отандық тауар өндірушілер көлемді алдын ала білмейді, сондықтан оларға бәсекеге түсу қиын. Бұл процесте баға саясаты маңызды рөл атқарады, өйткені сатып алу шарттарының бірі - ең төмен баға. Мұндай тәсілдеме дұрыс емес екенін Мемлекет басшысы айтты, сондықтан қазір мемлекеттік сатып алу туралы заң әзірленіп жатыр», - деді спикер.

Оның айтуынша, отандық өнім шетелдік өндірістен кем емес әрі сапаны қоса алғанда анағұрлым қатаң критерийлерден өтеді.

«Қазақстан граниті сонау Кеңес одағы кезінен бері танымал. Оны ғимараттар салу үшін Ресейдің көптеген қаласына экспорттады. Бұл практика әлі де жалғасып келеді. Қазақстанда отандық тас өнімдерді қолданумен салынған ірі жобалар қатарына елорданың Есіл ауданындағы мешітті және Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жатқызуға болады. Жоба шеңберінде отандық өндірушілер өз өнімін іс жүзінде көрсетіп, әлеуетін іске асырады деп үміттенеміз», - деді «Qazaq stone» Қазақстан тас өңдеу саласының одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Дәурен Ағзымов.

Бүгінде қауымдастыққа толық циклді 15 ірі компания кіреді. Олар карьер өндіреді және  өңдеу бойынша фабрикаларға ие.

«Қазақ құрылыс және сәулет ҒЗИ және жобалау институты» АҚ баға белгілеу орталығының директоры Арман Хасен отандық өндірушілер тастың қатты түрлерін өндіретінін айтты.

«Отандық өнім табиғи әрі климатымызға қолайлы екенін тәжіребе көрсетті. Пайдалану процесінде шетелдік өнімге қарағанда отандық өнім көбірек қолданыс табады. Біздің тас ондаған жыл бойы бүлінбейді, ал импорттық климаттың құбылуы салдарынан аз уақытта жарамсыз болады. МысалыТүркияда отандық өндірушілерге барынша көңіл бөлінген. Бізге осы елдерден үлгі алып, отандық материалдарды таңдау керек», - деді спикер.

Көрмеде 9 отандық компания өнімін таныстырды, соның ішінде 4-і травертин, 4 - гранит, 1-і мәрмәр өндіреді.

Жиын соңында ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының жетекшісі Мұхамед Андақов ведомство басқа саладағы  отандық өндірушілердің көрмесін ұйымдастыруға дайын екенін, оған «Samruk-Kazyna Construction» АҚ және мемлекеттік органдар шақырылатынын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер