Павлодарлық шаруа қожалығы қиын жағдайға түсті
2018 жылдан бері Павлодар облысының «Діл-Нар-Ай» сотта өзінің кінәсіздігін дәлелдемек. Шаруашылық алдымен малды алаяқтардан білмей сатып алған. Содан кейін мемлекеттен субсидия алған соң оны қайтару міндеттелді. Шоттар мен мүлік бұғатталғандықтан, ШҚ жұмыс істей алмайды. Бұл мәселе Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында бірнеше рет көтерілді.
Бұл шаруашылық осыдан төрт жыл бұрын «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 46 миллион 875 мың теңге несие алған. Ол кезде шарттар, әсіресе жаңадан бастаған шаруа қожалығы үшін қолайлы болды: жылына 14%, оның 10% мемлекет субсидиямен өтейді. Иә, және кепілдік те минималды болды. ШҚ оны алған кезде, басшысы Гүлжанат Ахметоваға, сатып алу үшін мал іздейтін оператор беруге уәде етілген. Бірақ олар бермеді. Өзіміз іздедік. Алтай өлкесі, Новосібір, Омбы және Челябі облыстары аусыл ауруына байланысты карантинге жабылды. Одан кейін Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы аталған өңірлерден мал әкелуге тыйым салды. ШҚ қарызға алған ақшаны қайтару туралы шешімге келген. Бірақ, Баянауыл несие серіктестігі бұл қаражатты айыппұлмен қайтарып, соманың 25 пайызын қосымша төлейтінін түсіндіріп, бас тартты.
Жаңа бастаған шаруаларда ондай қаражат жоқ.
Осыдан кейін Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстанға Ресейден мал әкелетін жеткізуші М.-ді ұсынды. Онымен келіскен павлодарлық шаруашылық Кемерово облысына малды қарауға аттанды. 2019 жылдың наурыз айында карантиннен кейін сол М. Ресейден сол малдарды барлық құжаттарымен әкеледі. «Діл-Нар-Ай» ШҚ онымен есептесті.
Кейін ірі қара малды Қазақстан ветеринарлық қызметтері карантинге жатқызып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесіне (БЖ) тіркеді. Бір сөзбен айтқанда, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы мен ветеринария қызметі барлық құжаттарды тексеріп, ірі қараны есепке алып, тіркеді. Содан кейін, малдың таза тұқымды екеніне көз жеткізу үшін елордадан қазақтың ақбас тұқымы республикалық палатасының өкілдері келді. Олар бағалау жүргізіп, құжаттарды берді, ал оны ШҚ облыстық ауылшаруашылық басқармасына ұсынған.
«Діл-Нар-Ай» ШҚ асыл тұқымды ірі қара малын өсіруге субсидия алуға өтінім берді. Ауыл шаруашылығы басқармасы шаруашылыққа инвестициялық субсидия төледі: әр сиырға 175 мың теңге – барлығы 13 млн 150 мың теңге. ШҚ бұл ақшаны келісім бойынша, Баянауыл несие серіктестігінің есепшотына аударған.
Бірақ 2020 жылы Баянауыл ауданындағы «Діл-Нар-Ай» шаруа қожалығы мен тағы 4 шаруа қожалығын Экономикалық тергеу басқармасына шақырады. Онда олар бір фактіге тап болды: М.-нен сатып алынған жануарлардың қағаздары жалған болып шықты. Тергеу барысында облыстағы тағы 7 шаруа қожалығы М.-дан мал сатып алғаны анықталды. «Діл-Нар-Ай» шаруа қожалығына мал әкелгенін өзі де растады. Сотта ол кінәлі деп танылды.
Содан кейін басқарма алаяқтан мал сатып алған барлық шаруаларға қарсы сотқа жүгініп, субсидияларды қайтаруды талап етті. Дәлел – жалған құжатпен мал жеткізу. Шаруалардың айтуынша, олар қарапайым шаруа ретінде бұл істің маманы болмағандықтан құжаттардың растығын тексере алмаған. Мемлекеттік органдар құжаттардың түпнұсқалығын тексеруі керек еді. Сотқа бір жыл уақыт кетті.
«Діл-Нар-Ай» және «Дастархан» ШҚ сотта жеңілді. Депутаттық корпус өкілдерінің қолдауынан кейін «Дастархан» шаруа қожалығы апелляциялық процесте жеңіске жетіп, несиенің өсімақысына ақша алды. Дәл осындай жағдайға тағы жеті шаруа қожалығы түсті. «Діл-Нар-Ай» шаруа қожалығын қоспағанда, барлығының талаптары кері қайтарылды. Ал «Діл-Нар-Ай» апелляциялық шағымда жеңілді.
Енді шаруа қожалығы басқарманың талабы мен пайыздық мөлшерлемесі бойынша мемлекетке 20 миллион теңгеге жуық ақша төлеуі тиіс. Шаруашылық жыл бойы несиені пайыздық мөлшерлемені қайтармай төлейді. Оның мүлкі мен барлық есепшоттары бұғатталған, ал несие тарихы бұзылған. Тіпті шоттағы қаражат мемлекетке қайтарылды. ШҚ-да қызметкерлеріне жалақы төлейтін ақша жоқ.
Қазір қыстың уақыты, малдың төлдеуі басталып, жем-шөптің де аяқталуға жақын болуы жағдайды ушықтырып тұр. Ал малдарды сот орындаушылары арестқа алмақшы. Кәсіпкерлік субъектісі тексерістен әбден қажып, еш үмітсіз, қиын жағдайда.
«Қазір «Діл-Нар-Ай» шаруа қожалығы кассациялық сотқа дайындалып жатыр», - деді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жомарт Сембаев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: