«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жайлы мектеп» - үш ауысымды мектептердің мәселесін жүйелі шешу жолы

2023 жылғы 27 Қаңтар
12304 просмотров

Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде, сондай-ақ отандық бизнеспен диалогты тереңдету мақсатында іске асырылып жатыр.

«Жайлы мектеп» - орта білім беру ұйымдарындағы апатты объектілер, үш ауысымды оқыту және оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған жоба. Осы ұлттық жобаны іске асыру арқылы ел ауқымында барлық заманауи талапқа сай 800 мыңнан астам оқушы орны құрылатын болады.

«Жалпы елімізде  800 мыңға жуық оқушы орнының болжамды тапшылығы байқалады. Осы мақсаттар үшін мемлекет қала және ауыл балаларына қолайлы жағдай жасау мақсатында ,   401 мектептің құрылысына 2,1 трлн теңге бөлетін болады. Мектеп салу – оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселесін жүйелі шешу», - деп атап өтті кәсіпкерлер палатасының мамандары.

 «Атамекен» ҰКП жобаны іскер асыру жұмысына жұмылған. Бұл жұмыс отандық бизнеспен диалогты тереңдетуге мүмкіндік береді. Өйткені жаңа жайлы мектептердің тұжырымдамалық айырмашылығы –  құрылыстың бірыңғай стандартын сақтау, жобаны іске асыру кезінде отандық өндірушілерді барынша тарту, қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету, балалардың қауіпсіздігін арттыру шаралары, қазақстандық өндірістің құрылыс материалдары мен жабдықтарын қолдану болады.

 «Жобаның бірегейлігі - мектепте бір спортзалдың орнына қуаттылыққа байланысты 4-ке дейін зал болады, ғимараттың орналасуы, заманауи жиһаз, STEM, физика, химия, биология, робототехника мамандандырылған кабинеттері қарастырылады», - деп толықтырды ҰКП мамандары.

Мектептерді салу кезеңінде құрылыс барысына мониторинг жүргізу үшін ақпараттық жүйе, бейнетрансляция және құрылыс алаңдарының фото есебін қамту функциясы бар интерактивті карта жұмыс істейтін болады.

 Осы шаралардың барлығы балаларды оқушы орындарының қажетті санымен қамтамасыз ету, қала мен ауылдық жерлер арасындағы қашықтықты қысқарту, сондай-ақ білім беру объектілерін салу есебінен 2025 жылға қарай 100 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер