Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес 2022 жылы атқарылған жұмыс қортындысын шығарды
2022 жылғы 26 қаңтарда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Қайырбек Сүлейменовтің төрағалығымен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес өтті. Оған мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысты. Кеңесте «Атамекен» ҰКП Кеңесінің 2022 жылғы жұмыс қорытындысы және жер қойнауын пайдалану саласындағы кәсіпкерлердің (Шығыс Қазақстан облысынан «ПМК Құрылыс» ЖШС өтініші) қаралды.
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 2022 жылы атқарған жұмыс қорытындысы туралы.
2022 жылы Кеңес жұмысы кәсіпкерлердің құқығын бұзуға, сондай-ақ түйткілді мәселелерді көпшілікпен талқылауға бағытталды.
Кеңестің жұмысы, ең алдымен, экономикалық немесе заңды құралдары мен қорғаныс мүмкіндіктері жоқ ең осал шағын және орта бизнес субъектілерін қорғауға бағытталған. Орта есеппен жылына Кеңесте қаралған мәселелердің шамамен 85%-ы шағын кәсіпкерлікпен байланысты. Бұл бағытқа басымдық берілген. Бұл тұрғыда кеңес ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың шағын бизнесті қолдау, қорғау және дамытуға бағытталған саясатының жолында жұмыс істейді.
Бизнесті қорғау экожүйесі шеңберінде Кеңес жұмысы прокуратура органдары, соттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу қызметтері және басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылда құрылды.
Қарастырылып отырған мәселелердің қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдар тұжырымдамалық сипаттағы ұсыныстарды да қамтыды. Атап айтқанда, қолданыстағы заңнаманы немесе құқық қолдану практикасын өзгерту, мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ заңдылықты бұзудың нақты фактілеріне тексеру жүргізу және жекелеген кәсіпкерлердің бұзылған құқығын қалпына келтіру, кәсіпкерлік қызмет бостандығы туралы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту жөніндегі ұсыныстар.
Кәсіпкерлердің құқығын сақтау және қорғауға мониторинг жүргізу мақсатында Қостанай облысына барып, онда бизнес субъектілері және облыстық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдармен кездесулер өткізілді.
Кеңестің шешімдері ҚР Президенті Әкімшілігі және Үкіметіне жолданды, бұл кеңестің ұсынымдарын қарауға қатысатын лауазымды тұлғалар шеңберін кеңейтуге мүмкіндік берді, кәсіпкерлердің проблемаларын жедел және тиімді шешуге ықпал етті.
Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бастамаларын қолдау мақсатында былтыр Президент Әкімшілігіне тексерулер мен профилактикалық бақылау және барып қадағалау жүргізуге мораторийді ұзарту қажеттілігіне қатысты Кеңестің ұсынымдары шығарылды. Қаржы, ұлттық экономика және әділет министрліктері 2022 жылғы қаңтарда болған оқиғалар салдарынан зардап шеккен ведомстволық бағынысты мекемелердің бизнес субъектілеріне залалды өтеуді ұйымдастыруға қатысты ұсыныстарды қолдады. Кеңестің ұсынымдарын қарау нәтижелері бойынша кеден ісі саласындағы өзін-өзі реттеу институтын дамыту бөлігінде ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізілді. Сауда және интеграция министрлігі кеңестің ұсынымдарын орындау үшін ЕЭК Кеңесінің отырысында одақтың құқықтық актілері мен техникалық регламенттеріне түзетулер қабылдауға бастамашылық жасады.
2023 жылы Кеңес жұмысы ҰКП съезінің шешімі және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес құрылатын болады.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау туралы
Кеңесте пайдалы қазбалар кен орындарын бөлу кезінде мемлекеттік органдардың қызметі заңнаманы сақтай отырып құрылмайтыны, бизнестің, бүкіл қоғамның да мүддесн қозғайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері де орын алатыны атап өтілді.
Қайырбек Сүлейменов мәселені қарау алдында мемлекет кәсіпкерлерді әртүрлі жобаларға тарта отырып, жосықсыз ойын жүргізіп жатқанын, яғни кез келген уақытта өз шешімін жоя алатынын атап өтті. Жобаны Үкіметтің қаулысымен бекітілген Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу де оның жүзеге асуына кепілдік бермейді.
Мемлекеттің кәсіпкер қызметіне алаңдамауы келесі мысалдане аңғаруға болады. Шығыс Қазақстан облысынан келген «ПМК Құрылыс» ЖШС құқығы өрескел бұзылған. Компания мемлекеттік орман қоры жерлері және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағында орналасқан бетонит саз кен орнын игерумен айналысады. Бұл жоба Үкімет қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізілген.
Кәсіпкер мемлекетке сеніп, жобаға төрттен бір миллиард теңгеден астам қаржы активтерін инвестициялады. Нарықта өнімді құру, өткізу және ілгерілету үшін қажетті өндірістік инфрақұрылымды дайындады, ал мемлекет оны осы учаскеде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығынан айырды.
«Жер қойнауын пайдалану саласындағы құқықтық регламенттің жеткіліксіздігі өңірдегі кәсіпкерлік қызметтің дамуына теріс әсер етеді. Сонымен қатар, мемлекеттің жер қойнауын пайдалану саласындағы міндеттемелерін орындаудағы жауапсыздығы кәсіпкерлік субъектілеріне зиян келтіреді және елдегі инвестициялық қызметтің дамуын шектейді», – деп қорытындылады Қайырбек Сүлейменов.
Кеңес барысында мемлекеттік органдарға ұсынымдар айтылды.
Атап айтқанда, экология және табиғи ресурстар министрлігіне облыстың орман шаруашылығы басқармасы лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінің негізділігіне қызметтік тексеру жүргізу; ал орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда шаруашылық қызметті жүзеге асыру құқығына қорытындылар беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ұсынылды.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінің заңдылығына құқықтық баға беру ұсынылды.
Кеңес отырысының материалдары Мемлекет басшысының жер қойнауын пайдалану саласында тәртіп орнату туралы тапсырмасын орындау кезінде есепке алу үшін Үкімет Аппараты мен Бас прокуратураға жіберілетін болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: