«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі талқыланды

2023 жылғы 26 Қаңтар
- Ақмола облысы
7106 просмотров

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі жанында жұмыс істейтін құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі комитеттерінің бірлескен онлайн-отырысында талқыланды. Оған облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, білім басқармаларының және басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері қатысты.


«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқушы орындарының тапшылығы проблемасын жүйелі түрде шешуге, апатты және үш ауысымды мектептерді жоюға бағытталған. Ақмола облысында 2023-2025 жылдар аралығында 26500 оқушыға арналған 20 мектеп салу жоспарлануда, оның ішінде 2024 жылы - жобалық қуаты 14100 орындық 10 мектеп (2023 жылы құрылыстың басталуы); 2025 жылы – жобалық қуаты 12 400 орындық тағы 10 мектеп (2024 жылы құрылыстың басталуы). Бұл ретте, бүгінгі таңда оқушы орындарының тапшылығы 12 893, 2025 жылға қарай болжамды тапшылық - 53 мың оқушы орнын құрайды.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Марат Әубәкіров қазіргі уақытта мемлекеттік орган Ақмола облысының мердігерлері мен тауар өндірушілерінің пулын қалыптастырып жатқанын, оларға қойылатын негізгі талаптар — салық тұрақтылығы, қаржылық қамтамасыз етілуі, компаниялардың жұмысқа қабілеттілігі екенін айтты. Өз кезегінде Өңірлік палата кәсіпорындардың тиісті тізбесін жасау бойынша жұмыс жүргізуде.


«Бірінші кезекте жергілікті тауар өндірушілерге баса назар аударылады деп күтілуде, бұл жергілікті бизнес үшін — құрылыс индустриясын, жиһаз, тоқыма өнеркәсібін, басқа да қызметтерді дамыту үшін тамаша мүмкіндік. Жобаның әлеуетті қатысушыларына алдын ала қойылатын елеулі талаптарды ескере отырып, біз жиынтығында қажетті талаптарға жауап беретін 5-6 кәсіпорынға дейін кіре алатын консорциум құруды ұсынамыз. Бұл соңғы бес жылда енгізілген 75 мың ш.м., 400 млн теңгеге дейін салық түсімдерінің және әлеуметтік нысандар құрылысының бес жылдық өтілінің болуы. Банк кепілдігінің болуы міндетті», - деп атап өтті Марат Әубәкіров.

Сонымен қатар, пилоттық жобаға қатысты көптеген сұрақтар туындайды. «Атамекен» ұлттық палатасы өткен жылдың қазан айынан бастап жайлы мектептер салу бойынша жобаны жүргізуге арналған нұсқаулықты әзірлеуге белсенді қатысты, алайда алдын ала жұмыстар барысында ҰКП шығарған ұсыныстар мен ескертулер ескерілмеді. Ұлттық палата қолданыстағы талаптармен келіспейді, олар, әрине, асыра бағаланды, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеушілер үшін біліктілік критерийлері бизнес-қоғамдастыққа талқылауға бағытталмаған миллиардтаған долларлық жоба нұсқаулығының соңғы нұсқасында пайда болды.

«Ұлттық палата бизнес-қоғамдастықтың пікірін ескермей, Samruk-Kazyna Construction қабылдаған шешімдерді қолдамады. Жарияланған конкурсқа сәйкес жобалау-сметалық құжаттама ағымдағы жылдың 31 наурызына дайын болуы тиіс, ал құрылыс ережелері бойынша 300-1200 оқушыға арналған мектептер үшін ЖСҚ әзірлеу мерзімі 9 айды құрайды. 23 қаңтарда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ сайтында, «кілтпен» құрылыс және жобалау бойынша жұмыстарды кешенді сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігіне байланысты», «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде орта мектептердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге арналған жұмыстарды сатып алу бойынша конкурстың күшін жою туралы хабарлама шықты, - дейді Палатаның жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Ақмола облысының кәсіпкерлері Руслан Төлегенов.

Руслан Төлегенов жергілікті бизнес-қоғамдастықты қызықтыратын сұрақтарды айтты: құрылыс-монтаждау жұмыстарын сатып алу қалай өтеді және жалпы жергілікті тауар өндірушілерге қандай талаптар қойылады?
«Көкше-мебель» ЖШС директоры Әміре Сақтағанов сауда-саттық қалай өткізілетінін және оған қатысу мониторингін, сондай-ақ жиһаз индустриясының өкілдері жобаға қай кезеңде қосыла алатынын сұрады.

«Қазір біліктілік талаптары туралы айтуға әлі ерте, бірақ, өздеріңіз білетіндей, Премьер-Министрдің сатып алу жүйесін жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша бөлек өзгерту тапсырмасы бар. Бүгінгі таңда Samruk-Kazyna Construction өзінің сатып алу порталын жеткізу бойынша жұмыстар жүргізуде, оны қолда бар деректер бойынша мамыр айының басында өткізу жоспарлануда. Процестің ашықтығы мақсатында сатып алулар қатаң электронды форматта өтеді деп күтілуде», - деді «Атамекен» ҰКП Құрылыс және жер қатынастары департаменті директорының орынбасары Аңсар Сейсекеев.

Спикер атап өткендей, жалпы жоба жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға белсенді бейімделген, тізілімді қалыптастыру кезінде жергілікті қамту үлесінің KPI, индустриялық сертификаттың болуы, СТ КZ ескеріледі. Болашақта мердігердің өзі мектептерді қажетті жабдықтау үшін қалған қызметтерді жеткізушілерді анықтайды деп жоспарлануда.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер