«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Самар ауданында Бизнесті қорғау бойынша форум өтті

2023 жылғы 25 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
4948 просмотров

 Шығыс Қазақстан облысында қайта құрылған Самар ауданында кәсіпкерлер, прокуратура қызметкерлері, аудандық және ауылдық әкімдіктер, бақылау-қадағалау органдары, ШҚО бизнес-омбудсмен өкілінің қатысуымен бизнес субъектілерінің құқығын қорғау бойынша шағын форум өткізілді. Кәсіпкерлер көтерген барлық түйткілді мәселе Самар ауданының прокуратурасы мен ШҚО Кәсіпкерлер палатасы қол қойған бизнесті қорғау жөніндегі жол картасы шеңберінде жұмысқа алынды.

 Шараға ШҚО кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің өкілі, Самар ауданының прокуроры, аудан әкімінің орынбасары, бақылау-қадағалау органдарының қызметкерлері, бизнес субъектілері қатысты.

 «Форум екі сағат бойы жүрді, шара аяқталса да кәсіпкерлер сұрақтарын қоюды жалғастырды. Аудан прокуроры Айдос Тұрсыновты ерекше атап өткім келеді. Маман жұмысты жолға қойып, прокуратура орналасқан ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізггілуіне қол жеткізді. Біз прокурормен сындарлы диалог жүргізіп, Самар ауданындағы кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғау бойынша жол картасының жобасын дайындап, мақұлдадық», - деді ШҚО ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Әлия Мұқашева.

 Бизнес-омбудсмен өкілінің айтуынша, кездесу өте нәтижелі өтті. Кәсіпкерлер Самар ауданының бизнесі мен өмірінің түрлі салаларына қатысты 25-тен астам түйткілді мәселені көтерді.

Мәселен, бұл сауда және қызмет көрсету салаларындағы бизнестің қызметін бақылайтын мониторингтік топ мүшелерінің құқығы мен міндеттері туралы болды. Кәсіпкерлер ШҚО Кәсіпкерлер палатасына мониторинг жүргізу алгоритмі бар жаднама әзірлеу туралы өтінішпен жүгінді. Осылайша олардың әрбір қызметкері даулы жағдайлар туындаған кезде өз құқығын қалай қорғау керегін біледі.

Ауданда кредиитік серіктестердің қатысушыларына қатысты мәселе өзекті. Олар «Ертік» ӘКК алыднда ортақ жауапкершілікке ілінген. Бұл мәселені аудан прокуратурасы назарға алды. Жер учаскелерін жалға алу, жер-кадастрлық бюроның жұмысы, жайылымдардың жетіспеушілігі, жолаушылар тасымалы саласындағы ішкі және сыртқы логистика, ауданда Kaspi терминалының болмауы, ірі көкөніс қоймасының болмауы, электр энергиясының жеткіліксіз көлемі, ауыл тұрғындарының азық-түлік дүкендерінің иелері алдындағы қарызы,  қоқысты шығару және осы қызмет үшін тарифтің шамадан тыс жоғары ставкасы туралы проблемалар көтерілді.

Туризмді дамытуға қатысты көптеген сұрақ бар. Аудан әкіміне кәсіпкерлер Полина Жукова, Александр Нетесов және үйлері мен демалыс базалары Бұқтырма су қоймасының Самар жағалауында орналасқан басқа да бизнес субъектілері мен жеке тұлғалардан өтініш келіп түсті.

«Қазір мұнда 2 700-ден астам үй салынды, бұл тиісінше қоғамдық тәртіпті қорғауды, бейнебақылау камераларын орнату, ұялы және интернет байланысын қамтамасыз ету, жеке сервитут туралы шарттар жасасуды талап етеді. ТЖ қызметінің мәліметінше, бұл құрылыстардың барлығы бесінші тәуекел дәрежесіне жатады, яғни олар өрт қауіпсіздігінің барлық құралымен қамтамасыз етілуі тиіс», – деп түсіндірді Әлия Мұқашева.

Туризм проблемаларына қатысты прокурор Самара бизнес-жұртшылықты ауданды дамытудың кешенді жоспарында қажетті жабдықтар салынғанына, оның ішінде 16 «Сергек» камерасы орнатылып, интернет байланысы мәселесі шешілетініне сендірді. Сонымен бірге, «Кар-Тел» компаниясы 100-ден аз әлеуетті абоненті бар ауылдарды ұялы байланыспен қамтамасыз ете алмайды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта демалыс базаларында бұзақыларды ұстау мүмкіндігі жоқ. Өйткені полиция бөлімшесіндегі уақытша ұстау изоляторының шарттары әлі халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келмейді.

  Форум соңында Самара ауданының прокуратурасы мен ШҚО кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастықты іске асыру жөніндегі 2023 жылға арналған жол картасына қол қойылды, онда өзара іс-қимылдың негізгі векторлары белгіленді.  Келесі форумда ШҚО прокуратурасы, кәсіпкерлер палатасы және мемлекеттік органдардың өкілдері атқарылған жұмыс туралы есеп береді және бизнеспен жаңадан келіп түскен мәселелерді талқылайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер