СҚО-да Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы қыз-келіншектерге кәсіп жүргізуге көмектеседі
2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының қызметтерін 380-ге жуық әйел қолданды. Бизнесі бар және кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге жеті бағыт бойынша 760 тегін қызмет көрсетілді.
Бұл бизнес жүргізу мәселелері бойынша консультациялар, әлеуетті және сұранысты ескере отырып, бизнес стратегиясын әзірлеу, оқыту (тренингтер, шеберлік сабақтары), қаржыландыруды тартуға оқыту (краудфандинг, инвестициялар, гранттар, лизинг), әйелдер кәсіпкерлігі өкілдерінің халықаралық жобаларға қатысуына жәрдемдесу, жабдық өндірушілермен консультациялар ұйымдастыру және менторлық.
Соңғы қызмет аясында өткен жылы 10 кәсіпкер өз бизнесін дамыту үшін Орталық тәлімгері Әсел Есжановамен бірлесіп жұмыс істеді.
«Бұл тұрақты кәсіби бар, бірақ қандайда бір жағдай немесе кедергі салдарынан дамымай тұрып қалған бизнес иелері. Оларға жігер, қолдау керек. Оқуға қатысқан барлық 10 менти Британ бизнес мектебінен «Бизнестегі желі» бағыты бойынша онлайн курсты аяқтады. Курсты аяқтаған соң әйелдер өз бизнесін кеңейту үшін байланыс желісін құра алды, біреу өндірістегі бизнес-процестерді жетілдірді және серіктестер, қызметкерлер және клиенттермен тиімді қарым-қатынас орнатты, біреу есеп беру және іс-қағазды дұрыс жүргізуді үйренді», – дейді СҚО бойынша әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының консультанты Ирина Васильева.
Оқу аяқтаған ментидің бірі - Зарина Мавляни. Ол сән үйінің иесі. Ұлттық киімдер мен аксессуарларды тігу саласында жұмыс істей отырып, өткен жылдың соңында қыз балалар мен әйелдер киімдерін шығаратын зауыт ашты. Бұл киімді сатып алуға да, жалға алуға да болады.
«Мен тігін өндірісінде 8 жылдан астам уақыт еңбек еттім. 4 жыл бұрын ұлттық киім тігумен айналысатын Зарина Мавлянидің сән үйі ашылды. Өткен жылы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының көмегімен мен менторинг және нетворкинг курстары туралы біліп, оқуға қатыстым. Жаңа білім маған бизнесті кеңейтуге, бизнесіме сырттан қарауға мүмкіндік берді. Өткен жылы серіктесімізбен бірге бүкіл республика бойынша балалар мен әйелдер киімдерін көтерме тігумен айналысатын «Мир» фабрикасын аштық. Өнімдер үлкен сұранысқа ие», – дейді Зарина Мавляни.
Тайынша ауданының тұрғыны жеке кәсіпкер Зәуре Тұрлыбаева да менторинг арқылы кәсіпті ілгерілетті. 2019 жылы «Бастау Бизнес» курсын өткеннен кейін шағын азық-түлік дүкенін ашты.
«Өткен жылы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының көмегімен ментордың қызметтерін пайдаландым, бизнесте нетворкинг бойынша оқудан өттім, нәтижесінде өз бизнесін дамыту және масштабтау тұрғысынан үлкен тәжірибе мен нақты кеңестер алдым. Оқу барысында-ақ бизнесті кеңейте бастадым: жартылай фабрикаттар желісі іске қосылып, өндірістік цех пен қоғамдық тамақтану нысаны – жол бойындағы кафе ашылды», – дейді «Баракят» ЖК басшысы Зәуре Тұрлыбаева.
Бүгін СҚО бойынша әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы 2022 жылғы менторинг жобасын аяқтап, барлық қатысушыға Лондондағы Халықаралық бизнес-мектептен алғыс хаттар табыс етті. Кәсіпкер әйелді жобаның сәтті аяқталуымен құттықтай отырып, СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев оларға өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қосқан үлесі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін алғысын білдірді.
«Әйелдер жылына 365 күн бойы отбасы, елінің игілігі үшін еңбек етеді. Олар сенімді. Ал сенімділік сенімділікті тудырады, ал сенім бизнестегі ең маңызды шарт. Біліктілік халыққа да, мемлекетке де пайда әкелсін. Мен сіздерді жобаның сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын және бизнесіңізге даму мен өркендеу тілеймін», – деп түйіндеді Тимур Бекеев.
Анықтама үшін: Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы Солтүстік Қазақстан облысында өңірлік кәсіпкерлер палатасының базасында 2022 жылдың наурызынан жұмыс істей бастады. Бұл жоба БҰҰДБ мен Азия Даму Банкінің бастамасы және қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Жобаны іске асыру шеңберінде кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер үшін қаржылай емес қызметтердің 7 түрі көрсетіледі.
Біздің орталық мына мекенжайда орналасқан: Петропавл қ., Қ. Сүтішев к-сі, 60 «Квартал» БО, 4 қабат.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: