«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандылық бизнесмендер Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында тегін қызмет ала алады

2023 жылғы 19 Қаңтар
- Қарағанды облысы
7668 просмотров

Білікті заңгермен кеңесу, салық есептілігін тапсыру және бизнес-жоспар жазуға көмек алу - бұл қызметтердің барлығын кәсіпкерлер тегін ала алады. Ол үшін Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының базасында жұмыс істейтін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына (КҚКО) жүгіну қажет.

Мұнда төрт менеджер-кеңесші жұмыс істейді: Заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша, бухгалтер, маркетолог, қаржыландыру және мемлекеттік қолдау алу мәселелері бойынша маман.

Қызметтерді облыстың әр аймағынан келген кәсіпкерлер пайдалана алады. Әр ауданда ӨКП филиалы бар. Контактілерді келесі сілтеме арқылы білуге болады:  https://karagandy.atameken.kz/ru/

Қарағанды қаласының КҚКО мекенжайы: Ермеков көшесі, 29 (1-қабат), телефон: (8-7212) 54-64-12.

Толық ақпарат ресми сайтта: https://karagandy.atameken.kz/ru/.

https://g4b.kz портал арқылы онлайн режимінде кеңес ала алуға және сервистік қызметтерді алуға болады.

— Өткен жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлік бастамасы бар 1200-ден астам азамат Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында тегін сервистік қызметтер алды. Оның ішінде 520 клиент өз бизнесін ашты. Қалалар мен аудандардағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында 11 мыңнан астам қызмет көрсетілген, — деді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер