«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістандық кәсіпкерлер кімге наразы?

2023 жылғы 17 Қаңтар
- Түркістан облысы
5583 просмотров

Түркістанда бизнес балабақшада баланың 9 сағатқа ғана қалуына келіспейді, Палата 10,5 сағат ұсынуда

«Егерде жергілікті бюджеттің қаражатын тиімді пайдалану мақсатында, балабақшада балалардың 9 сағат болуына ғана қаражат төленсе, онда бизнес шығынға ұшырайды. Себебі әр балаға 4000 теңге кем төленеді. Әрі біз баланы ата-анасы алып кетпейінше далаға шығарып жібере алмаймыз, яғни бұрыңғысынша тәрбиеші баланы 10-12 сағат қадағалайды, бірақ тек 9 сағатқа ғана ақысы төленеді деген сөз, біз бұған келіспейміз», – деп атап өтті Түркістан облысы бойынша үздіксіз білім беру қауымдастығының директоры, Өңірлік кеңес мүшесі Дильдар Хабибова.

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында «Білім беруді және медицинаны дамыту комитетінің» отырысы өтті.

Жиында «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 27-бабының 2-тармағында, «Білім туралы» ҚР Заңының 6 бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес «Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қазандағы №185 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасында балалардың мектепке дейінгі мекемеде 9 сағатқа ғана болуына ақысы төленетіні көрсетілген. Кәсіпкерлер бұған келіспей, наразылық білдіруде. Палата өз кезегінде бизнесті қолдап 10,5 сағат болуын ұсынды.

Кездесу соңында кәсіпкерлердің сұрақтары талқыланып, бұл мәселені өз кезегінде прокуратура өкілдері назарға алды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер