«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасында үш сервис желісі жұмыс істейді

2023 жылғы 09 Қаңтар
- Қостанай облысы
6717 просмотров

Өткен жылы "Атамекен" ҰКП-ның бірнеше бағыт бойынша трансформациялауы басталды. Бұл процестің маңызды компоненттерінің бірі бизнеске қызмет көрсетудің жаңа деңгейіне көшу болды.

"Қойылған міндеттерді іске асыру үшін Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасында үш сервис желісі жұмыс істейді, оның біріншісі – Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қызмет көрсету. Бұл кезең енді негізгі буынға айналуда. Бизнес барлық қызықтыратын ақпаратты бірінші желіден ала алады", - деді фейсбукте Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев.

Осылайша, Кәсіпкерлер палатасы бизнес сұрауларына жедел жауап беру үшін өтініштер жүйесін жетілдіреді.

Екінші желі мамандарға жолданған өтініштермен байланысты. Үшіншісі әкімшілік кедергілерді шешумен, заңнамалық бастамаларды талқылаумен.

Әрбір өтініш бойынша әрбір маман өз құзыреті мен білімін кеңейте алатындай жадынама дайындалады.

Мұндай жүйе бизнеске қызмет көрсетудің жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.

"Өткен жылы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына кәсіпкерлік бастамамен екі мыңға жуық бизнес өкілдері мен тұлғалар жүгінгенін атап өтемін. Бұл өтініштердің негізгі бөлігі бірінші желіде жүйеленуі тиіс екенін білдіреді", - деп қосты Данияр Күзенбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер