«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ағаш өңдейтін кәсіпорындар ресейлік шикізатты көлікпен тасымалдай алады

2023 жылғы 09 Қаңтар
7006 просмотров

Дереккөз: tobolinfo.kz

Тараптар мұндай келісімге ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағалары Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчуктың екіжақты келіссөздері барысында қол жеткізді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ағаш өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлердің бастамасымен Ресей Федерациясынан ағаш материалдарын әкету туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Әзірге ағашты әкету маршруттары Қазақстан-Ресей шекарасындағы 3 автомобиль өткізу пункті арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл Қостанай облысындағы Бугристое бекеті,  Батыс Қазақстан облысында – Озинки және Солтүстік Қазақстан облысында – Петухово бекеті.

Тиісті норма Ресей Федерациясының «Ағаштың жекелеген түрлерін және оны жүк көлігімен қайта өңдеу өнімдерін тасымалдау тәртібі және Ресей Федерациясы Үкіметінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 2552 қаулысында жазылған.

 Еске салсақ, 2022 жылдың қаңтарынан бастап Ресей тарапы автомобиль көлігімен ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салуды енгізді. Сондай-ақ, өткен жылдың қыркүйегінен бастап Ресей Федерациясынан Қазақстанға ағаш материалдарының кейбір түрлерін әкетуге теміржол көлігімен ғана рұқсат етілді. Бұл  тыйым ағаш материалдарын Ресейден Қазақстанға тасымалдау жағдайын одан әрі нашарлатты.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтың айтуынша, ресейлік ағаш материалдарын ұазаұстандық 300-ден астам кәсіпорын тұтынады.

«Ресей Федерациясынан орман өнімдерін тек теміржол көлігімен әкету Қазақстанда ағаш материалдары құнының қымбаттауына алып келді. Өйткені теміржол көлігінің тарифтері автокөлікпен тасымалдау құнынан едәуір асып түсті. Ресей Федерациясының біржақты шектеу шараларын қолдануы Қазақстанның ағаш өңдеу салалары үшін қолайсыз экономикалық зардаптар туғызды. Қазір мәселе шешіле бастады. Ағаш өңдеу кәсіпорындары мен жиһаз фабрикалары ресейлік орманды  алаңсыз сатып алып, оның ҚР аумағына жеткізілетінін біле алады», – деді  Тимур Жаркенов.

Спикер бүгінде Ұлттық палатада Ақтөбе, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы ағаш материалдарын әкетуге рұқсат беру мәселесі пысықталып жатқанын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер